• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Сенат биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылдады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Сенат биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылдады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасында негізгі биологиялық қауіптер ескерілген. Біріншіден, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарына мән беріліп отыр. Аса қауіпті инфекциялардың ошақтары ел аумағының жартысына таралған. Мысалы, оба 10 облыстың аумағында, туляремия 12 облыстың аумағында, геморрагиялық қызбалар 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағына тараған.

Сондай-ақ екі мыңдай күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекендер бар. Екіншіден қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі мәселесіне тоқталсақ, Қазақстанның халықаралық туристік іскерлік байланыстарды кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын тырысқақтың әкелінуі жағдайлары тіркеледі», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін мынадай бағыттардың аясында құру жоспарлануда:

Бірінші бағыт — стратегиялық жоспарлау, биологиялық қауіпсіздікті болдырмау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

Екінші бағыт — мемлекеттік басқарудың үйлестірілген ведомствоаралық жүйесін құру және оның профилактикалық функциясын күшейту. Уәкілетті орган енгізіледі, оның негізгі міндеті — ведомствоаралық өзара іс-қимылды және мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз ету, биологиялық қатерлердің алдын алу жөніндегі уақтылы әрі тиімді шараларды әзірлеу үшін әртүрлі салалардан ақпарат жинау және талдау жүргізу.

Сонымен қатар, 13 мүдделі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган өкілеттіктерінің құзыреттері айқындалады. Профилактикалық функцияны күшейту аясында алдын ала ескертусіз аса қауіпті патогендермен жұмыс істеуге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласында жедел назар аудару және профилактика шаралары көзделеді. Үшінші бағыт — бейінді қызметтер мен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету.

«Әрбір ықтимал қауіп үшін биологиялық қауіпсіздік саласында назар аудару хаттамалары (сценарийлері) әзірленетін болады, онда мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар іс-қимылдарының, олардың төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмдері жасалатын болады. Аса қауіпті патогендермен жұмыс істеу үшін даярлықтан өткен білікті мамандардан кадр резерві қалыптастырылады, қажет болған жағдайда олар аса қауіпті патогендермен жұмыс істеуге (төтенше жағдайлар, пандемия, басқа елдерге көмек көрсету) жұмылдырылады.

Патогенді биоагенттермен жұмыс істейтін объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріледі. Ғылыми-техникалық әлеует пен ресурстарды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жоспарланып отыр. Пандемия сабақтарын ескере отырып, заң жобасында халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және оның қауіпті биофакторлардың әсеріне назар аударуға дайындығы жөніндегі шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ, кадрлық әлеуетті сақтау және нығайту үшін ынталандыру шаралары көзделген. Мемлекеттік ұйымдардың тәуекелге неғұрлым бейім мамандары мен қосалқы персоналына еңбекақы төлеу арттырылады, сауықтыру жөніндегі жәрдемақылар белгіленеді», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін реттеу ескерілген. Микроорганизмдер коллекцияларын жүргізудің жалпы талаптары енгізіледі, ұлттық және жұмыс коллекцияларының мақсаты нақты анықталады. Мұндай коллекциялар микроорганизмдердің сипаттарын зерттеу, оларды жүйелеу және олардың теріс әсерін азайту жолдарын жасау үшін маңызды.

«Негізгі заң жобасы жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыруға бағытталған 8 тараудан және 32 баптан тұрады, сондай-ақ қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезеңді және патогенді биоагенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды ресімдеу мен қайта ресімдеу үшін қосымша 6 айды көздейді», — деді ведомство басшысы.

Мұнымен қоса палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, қабылданды. Ілеспе заң жобасы 3 кодекс пен 11 заңды қоса алғанда, 14 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жалған диплом жасатқан мұғалімдер қомақты айыппұл төлейді

Жалған диплом жасатқан мұғалімдер қомақты айыппұл төлейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Құдайдан сұрап алған балам»: Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

«Құдайдан сұрап алған балам»: Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

4 года ago
Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In