• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

1,3 млн қазақстандық зейнетақы жинағын алып, баспана жағдайын жақсартты

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
1,3 млн қазақстандық зейнетақы жинағын алып, баспана жағдайын жақсартты
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шотына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Орындалған өтініштердің ең көбі — Алматы (17,7%) және Нұр-Сұлтан қалалары (13,4%) мен Маңғыстау облысының (11,6%) тұрғындары тарапынан жолданған. Enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар — «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,30%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,23%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,39%), «Altyn Bank» АҚ (0,05%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берілді.

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу), жеке тұрғын үй салуға (меншікте жер телімі болған жағдайда) бағытталған – шамамен 2 трлн теңгеге (жалпы соманың 64,4%) 469 628 өтініш орындалды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға (құрылысты қоспағанда), оны толық және ішінара өтеуге және қайта қаржыландыруға, сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қосқанда) жалпы сомасы 402,2 млрд теңгеге (13%) 276 303 өтініш орындалды.

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы аясында), ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық және ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға 378,6 млрд теңгеге (12%) 261 128 өтініш орындалды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыруға әрі қарай жинақтау үшін 249,2 млрд теңгеге (8%) 274 506 өтініш орындалды.

Тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық және ішінара төлем жасау, жекешелендіру, төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу және сату, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық (біржола есеп айырысу) нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жер телімін меншікке сатып алуды қамтитын өзге мақсаттарға 75,2 млрд теңге (немесе 2,4%) аударылды.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушіні тоқтатып, жауапкершілікке тартты

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушіні тоқтатып, жауапкершілікке тартты

2 года бұрын
Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату шарттары өзгерді

Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату шарттары өзгерді

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In