Алматыда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын қаланың Алатау ауданынан табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон мен оптикалық көздеуіштерді тәркіледі.
«Бұл қарулар ағымдағы жылы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырғандардың жеке басы анықталуда. Олар одан әрі жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.