• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

«Қазақстан азаматы емес»: Экономика министрі ұлттық холдинг басшысына қатысты сауалға жауап берді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
«Қазақстан азаматы емес»: Экономика министрі ұлттық холдинг басшысына қатысты сауалға жауап берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Бәйтерек» ұлттық холдингінің төрағасы қызметіне Ресей мен Ұлыбритания азаматтығы бар Қанат Шарлапаевтың тағайындалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бәйтерек» холдингі сайтының мәліметінше, Шарлапаев Ресей Федерациясы мен Ұлыбритания азаматтығына ие. Қуантыров Шарлапаевтың Қазақстан азаматтығы жоқ екенін растады.

«Кім ұсынғанын білмеймін, бірақ оның кандидатурасы Директорлар кеңесіне ұсынылды, осылайша шешім қабылданды. Менің ойымша, бұл жерде адамның халықаралық коммерциялық құрылымдарда, атап айтқанда, Ситибанкте жұмыс істегенін, оның ұстанымдарын назарға алды. Оның үстіне ол бір елде емес, белгілі бір аймақта жұмыс істеп, оған жетекшілік етті (Шарлапаев Ситибанктің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры болған). Ол несиелік операцияларды жақсы біледі», –  деді Әлібек Қуантыров.

Министр жаңа басшыдан тың әрі өзгеше ойлар байқағанын жасырмады.

«Іскерлік корпоративтік тәсіл де көрініп тұр. Әрі қазақша жақсы сөйлейді, таң қаларлық. (…) Жаңа ойлау қабілеті бар, бюрократиялық құрылымды, оның ішінде ұлттық компанияны қозғап, оған оң өзгерістер енгізе алатын адамдар болған кезде, үрдіс жақсы жүреді», – деді министр.

Бірқатар ресейлік БАҚ холдингтің жаңа басшысының әкесі Бисимбай Шарлапаев Саратов облысында танымал аграршы екенін хабарлады. Ол Маркс ауданы жиналысының депутаты болған, бірақ 2016 жылдың қараша айында ол аймақтың ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарына пара бергені үшін сотталып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, миллион рубль айыппұл төлеген.

«Мен бұл туралы да естідім. Ол жақта не болғанын білмеймін. Мен бұл туралы кейінірек (тағайындалғаннан кейін) білдім», – деді Қуантыров.

Еске сала кетейік,  Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің төраға қызметіне тағайындалды. Ол 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген. Тағайындалғанға дейін Африканың, Таяу Шығыстың және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы «Сити» инвестбанкінің (БАӘ) стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болды.

Jasyn

Jasyn

Next Post
2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін – министрлік

2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін – министрлік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

3 года ago
34 отбасы баспаналы болды

34 отбасы баспаналы болды

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In