• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Кәмілұлы Нұрпейісов өмірден өтті.

Бұл жөнінде Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек мәлім етті. Жазушы Алматыда жерленеді. Ә Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде дүниеге келген.

1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 1962-1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. Халықаралық Қазақ ПЕН клубына жетекшілік жасады.

Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастаған қаламгердің тұңғыш шығармасы — Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді.

«Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау» (кейіннен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты (1972), 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді. А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).

2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достойнство», 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Көптеген орлен-медальдармен марапатталды. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Капитан Көпжасаров: «Біз үшін ең бастысы-баланы аман-сау табу болды»

Капитан Көпжасаров: «Біз үшін ең бастысы-баланы аман-сау табу болды»

2 года ago
Жамбылда 43 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

Жамбылда 43 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In