• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Оқиға

Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті

by Jasyn
06/03/2024
in Оқиға
0
Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шыққан Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. «Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Облыстың жанармай стансаларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастама көтеріп, газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Ел алдындағы сөзінде Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай стансасы иелерінің баға бойынша сөз ына қатысты тергеуді бастағанын айтқан. Әкім ақтаулықтарды да қоғамдық тәртіпті сақтап, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды. Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін Энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жыл басында сұйытылған газ өндірушілер мұнай өнімдерін электронды сауда арқылы сатуға көшті. Электронды саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасын теңдестіруге және жаңа өндіріс орындарын құруға инвестициялар тартуға да мүмкіндік береді.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі сұйытылған газ бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді және жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын. Ал ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Маңғыстау облысындағы жанармай стансаларының иелері сұйытылған мұнай газының құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын жазды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Тоқаев: Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті

Тоқаев: Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Жамбылда 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

2 месяца ago
100 келіден астам есірткі: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

100 келіден астам есірткі: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In