• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Өкілеттігін тоқтатқан Бекболат Тілеухан басқа депутаттарға өтініш айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Өкілеттігін тоқтатқан Бекболат Тілеухан басқа депутаттарға өтініш айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бекболат Тілеухан не себепті басқа қызметке бара жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, палатаның жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Осы орайда ол бүгін Мәжіліс мінберінен сөйлеген сөзінде жаңа қызметті бойынша өмірінің келесі кезеңіне қадам басып жатқанын айтты.

«Сіздермен жұмыс істеген бір сәтім — өмірімнің бір белесі, кезеңі, яғни мен үшін бақытты жақсы шағым. Тайымда танып, тұлпардай қылып топқа қосқан әуелі Елбасына рахмет. Нұрағамыздың бастаған жолын ары қарай жалғастырып жатқан Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының қамқорлығына, жасап жатқан марапаттарына шексіз алғысымды білдіремін. Парламент қабырғасындағы өмірім өте бір сәтті кезең деп білемін. Енді, қай жерде елге, мемлекетке пайдам көбірек тиеді, сол жерде болғанды міндет деп танығандықтан, өмірдің келесі кезеңіне қадам басып жатырмын. Біраз жұмыс істедік, артық айтқан сөзіміз болса, жаза басқан жеріміз болса, кейбір әріптестерімнен кешірім сұраймын, ғафу өтінемін», — деді Б. Тілеухан.

Сонымен қатар ол Парламент депутаттарына өз өтінішін жеткізді.

«Қазақ дейтін ұлттың тілінің, мәдениетінің, тарихының, ғылымының, руханиятының, салт-дәстүрінің Қазақстан Республикасынан басқа барар жері, басар тауы жоқ, басқа дамитын жері жоқ. Қазақ – ол шабуылшы жұрт емес, қорғанушы жұрт, тарихта есесі кеткен жұрт. Осы нәрсе естеріңізде болып, парасат көздеріңіз тарихи санамен, мемлекетшілдік оймен әрқашан жүректеріңіздің түкпірінде тұрса екен деген өтінішім бар. Мұны депутат ретінде емес, сайлаушы ретінде айтып отырмын. Істеріңізге береке тілеймін», — деді Бекболат Тілеухан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, экс-депутат Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандық астролог 2022 жылы әлемде және елімізде қандай өзгерістер болатынын болжады

Қазақстандық астролог 2022 жылы әлемде және елімізде қандай өзгерістер болатынын болжады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды

4 года ago
Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды

Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In