• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Себебі, республика бойынша қант қызылшасы көп өсірілетін Алматы облысында өнім зауытқа аз мөлшерде өткізіліп жатыр. Тіпті бір ғана Көксу зауытында қызылша көлемі 100 мың тоннаға дейін азайып кеткен. Ал жалпы еліміз бойынша тәтті түбірдің тек 35 пайызы ғана жиналыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жылда осы уақытта Көксу қант зауытының алдында өнімге толы жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұратын. Тіпті кәсіпорын қант қызылшасын қабылдап үлгермей жататын. Биыл ондай қарбалас жоқ. Зауыт басшысының өзі қызылшаның аз келіп жатқанын жасырмай айтады.

“Қазіргі таңда өнім 100 тоннаға аз болып тұр. Былтыр 176 мың тонна қант қызылшасын қабылдасақ, биыл ол межеге әлі жеткен жоқпыз”, – деді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.

Зауыт басшысының сөзінше, олар былтыр 176 мың тонна қызылшасын қабылдап, 22 мың тонна ғана қант өндірген. Жалпы жиналған өнімнің тек 12 пайызынан ғана таза құмшекер алынатынын айтады.

Ал Алматы облысында жалпы 400-ден аса шаруа қант қызылшасын өсірумен айналысады. Олар проблема шаш етектен деп отыр.

“Су мәселесі – ең күрделі мәселе. Тағы бір үлкен мәселе – үкіметтен берілетін арзандатылған жанар-жағармай. 1-2 градус жылылықтың өзінде қысты күні де қатып, бүкіл техниканың біразына зиянын келтірді”, – деді Көксу аудандық фермерлер одағының төрағасы Әшімхан Естайұлы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміз орта есеппен 500 000 тонна қант тұтынады. Бірақ оның 27,2 пайызы ғана бізде өндіріледі. Қалған 70%-дан астам тәтті құмшекер көрші елдерден жеткізіледі. Ал қазір қант қызылшасын еккен өңірлер өнімнің 35 пайызын ғана жинап үлгеріпті. Жалпы тәтті түбір еліміз бойынша 21,7 гектарға себілген. Оның 16 мың гектары, яғни басым бөлігі Алматы облысында.

Көксу қант зауыты қант қызылшасының бір тоннасын 11 мың теңгеге қабылдайды. Дәл осы жерден таза қанттың бір келісі 300 теңгеден сатылымға шығады.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Көкейімде бар әлем» атты көрме өтті

«Көкейімде бар әлем» атты көрме өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ

Бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ

8 месяцев ago
Қазақстанның барлық аймағында теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстанның барлық аймағында теледидар мен радио өшіріледі

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In