• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қатысты дау-дамай жөнінде видео жариялады

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қатысты дау-дамай жөнінде видео жариялады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шоумен Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында ҰБТ дауына байланысты видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде ҰБТ тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің арасында шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғали да бар деген ақпарат тараған болатын. Танымал әртіс Instagram парақшасында осы шуға байланысты мәлімдеме жасады.

«Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет. Оқиға бойынша айтарым осы видеода», — деп жазды ол.

Видеодағы Тұрсынбек Қабатов пен өзін «Нұрбек» деп таныстырған жігіттің әңгімесінде әуел баста екі арада репетиторлық туралы келісім болғаны айтылады. Сөз арасында Тұрсынбек Қабатов өзінің ҰБТ-дағы құйтырқы әрекет туралы хабарсыз болғаны бірнеше рет қайталап айтқан.

«Кешеден бері ана орталықтарыңа бардым. Жексенбі болып, жолдарың болып кетті десем болады сендерге. Кеше жай ғана кешірім сұрап, видео жібере салыпсыңдар, бетін бұлдыратып. Оған кім сенеді», — деген шоумен тұтқаның ар жағындағы жігіттен неге астыртын әрекетке барғанын сұрайды. «Нұрбек, сен маған мынаны түсіндірші. Болатын жағдайды неге сен неге маған айтпай, анасына айтпай, ондай тірлікке бардың? Екінші қыз кім? Оны кім тауып жүр, сен бе», — деп сұрайды.

Тұтқаның ар жағындағы дауыс ҰБТ-ға әртістің қызын өзі дайындағандықтан, жоғары балл алғызып, «ата-анасын тосыннан қуантқысы келгенін» айтқан. Әрі қарай екеуара әңгімеден Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың ҰБТ кезіндегі құйтырқы «тәсіл» туралы тестілеуге кірер кезде ғана білгені туралы айтылады. Сондай-ақ, Тұрсынбек Қабатов қызына о баста ҰБТ-дан жоғары балл жинау туралы талап қоймағанын, шетелде оқытуды жоспарлағанын айтады.

«Біреудің аузынан жырып, біреудің грантын тартып берейін деген ниетім жоқ», — дейді ол сөз арасында. Сөз соңында Тұрсынбек Қабатов ендігі мәселені құзырлы органдар шешетінін, тек түсінбеушілік салдарынан елдің алдында абыройсыз атқа қалғанын айтып қынжылады.

«Қателеспейтін адам жоқ. Маған ескертіп, ақылдасуың керек еді. Қызым әкесінің көзіне қарап сөйлемейтін қыз. ҰБТ-да заңсыз әрекетке бармақ түгіл, қаланы дұрыс білмейді. Мектеп пен үйдің арасына мәшинемен апарып, әкеліп жүрген бала. Тергеу жүріп жатса, заң бар. Кешірмейді емес, кешірем ғой. Елдің алдында абыройыма нұқсан келді», — деген шоумен істің байыбына бармай, Әдемі Аманғалидың дербес деректері мен суретін желіге салған интернет қолданушыларға ренішін білдіреді.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкенттегі мектептерге босқындар орналастырылатыны рас па?

Шымкенттегі мектептерге босқындар орналастырылатыны рас па?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сарысу полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Сарысу полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

1 год ago
Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты

Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In