Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мекеме психологтарымен қатар, «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының» психологтары Любовь Геннадьевна Ли және Алтынай Арманқызы Сағындық қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, психологиялық қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ әрбір адамның жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға ықпал ету.
Іс-шара барысында қатысушылармен адамның өміріндегі құндылықтар, қиын жағдайлардан шығу жолдары, эмоциялық тұрақтылықты сақтау және жағымды ойлау дағдылары туралы пікір алмасу жүргізілді. Мамандар өмірлік қиындықтарды жалғыз еңсермей, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында сотталғандарға өмірдің қадірін түсіну, болашаққа оң көзқарас қалыптастыру және кез келген қиындықтың шешімі бар екенін сезіндіру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Адам өмірі – ең жоғары құндылық. Осындай профилактикалық іс-шаралар қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған.


