• RU
Пятница, 24 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Бюджет қаражаты есебінен 30 пәтер сатып алынады

Биыл Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында баспана кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға республикалық бюджет қаражаты есебінен 30 пәтер сатып алуға 423,8 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Және 22 пәтерді сатып алуға келісім шарттар жасалынды.

by Jasyn
23/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру
0
Бюджет қаражаты есебінен 30 пәтер сатып алынады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр. Өткен жылы республикалық бюджеттен — 758,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен — 259,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен — 76,0 млн. теңге, яғни барлығы 1,1 млрд. теңгеге Төрткөл, Жаңасаз ауылдары және Қосақ ауылының М.Мәметова көшесі орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылды. Нәтижесінде аудандағы 40 елді мекеннің барлығы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Биыл Дихан ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде бөлім мен «SAT Construction» ЖШС арасында 869 166,5 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Құрылыс монтаждау жұмыстары 2026 жылдың 13 мамырынан басталды. Құмжота, Сарыкемер және Мәдімар ауылдарында ауыз су құбырларын жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сонымен қатар Түймекент, Суханбаев ауылдарында ауыз су имараты мен құбырларын қайта жаңғыртуға құжаттамал әзірлеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2019-2024 жылдар аралығында 7 ауылда 1421 учаскеге арналған 278,9 гектар жерге 3,3 млрд. теңге бөлініп қажетті инфрақұрылым жүргізілген болатын. Осы жер учаскелерінің 1305-і тұрғын үй соғу үшін кезекте тұрған аудан тұрғындарына таратылып берілді. Бірақ, берілген жер учаскелерінің бүгінгі таңда 303-і немесе 23,2 пайызы ғана игерілген. Ал 32 жер учаскесі, мерзімі өтуіне байланысты, мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бүгінде Сарыкемер ауылында кәріз-тазарту құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 2025 жылы облыстық бюджеттен 130,0 млн. теңге және 2026 жылы жергілікті бюджеттен 166,2 млн. теңге қаржы қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде тапсырыс беруші «Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-і мен мердігер мекеме «NESIBE жоба» ЖШС арасында 296,2 млн. теңгеге келісімшарт жасалды. Келісімшартқа сәйкес жобаны 2026 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде аяқтау жоспарлануда.

Тағы бір айтары, аудандағы 40 елді мекен 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. 40 елді мекендегі 17 371 ауланың 16 929 ауласы бүгінгі күнге көгілдір отынды тұрақты пайдалануда. Қалған 442 газға қосылмаған аулалар жаңа алқаптардағы және ауыл ішіндегі жаңадан соғылған жеке тұрғын үйлер. 2025 жылы Байзақ және Үлгілі ауылдарындағы елді мекен көшелерінің орташа қысымды газ құбыры жүргізілді. Жоба құны — 113,7 млн. теңге.

2026 жылы үш ауылға (Түймекент, Сарыкемер, Қостөбе ауылдарында) газ құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған бюджеттен 146 млн. теңге қарастырылған.

Байзақ ауданындағы болат газ құбырларының көпшілігі 1970 жылдардың басында пайдалануға берілген. Электрохимиялық қорғанысқа қарамастан құбырлар тозығы жеткен. Кейбір елді мекендерде жер үсті газ құбырларының гидравликалық сипаттамаларына сәйкес келмеуіне байланысты қыс мезгілінде қысым жетіспеушілігі байқалады. Осы мәселелерді ескере отырып, Байзақ газ шаруашылығы Жамбыл өндірістік филиалы мен «QazaqGaz Aimaq» орталық басқармасына жобалар ұсынды.

Нәтижесінде 2026-2028 жылдарға Байзақ ауданындағы газ жүйелерін жаңғырту (модернизация) жоспарлануда. Жобаның жалпы құны шамамен 4,6 млрд. теңгені құрайды. Жоспар бойынша тозығы жеткен ШРП-лар, жер асты болат газ құбырлары, жер үсті орта және жоғары қысымдағы құбырлар ауыстырылады. Сондай-ақ, газ қысымы төмен жерлерде төмен қысымдағы құбырлар жаңғыртылады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде (жоба құны — 226 млн. теңге).

Ұлттық жоба аясында 2026 жылы жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге Сарыкемер ауылында 48 қосалқы станция және Инвестициялық жоба аясында Түймекент ауылдық округтерінде 300 млн теңге көлемінде 4 қосалқы станция, 2 ауылдық округте жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге 52 қосалқы станция жоспарланған.

2025 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Сарыкемер ауылындағы жаңа тұрғын алқабына 10 кВ электр желілерін тарату пунктінің құрылысы аяқталды. Жоба құны — 286,4 млн. теңге. Оның ішінде 2025 жылы ауданда 63,2 шақырым әуе желісі мен 6 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 28 шақырым әуе желісі (СИП) ауыстырылды.

2025 жылы 775,0 млн. теңгеге 20,6 шақырым құрайтын аудандық маңыздағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі жыл басындағы 95 пайыздан 98,0 пайызға жетті.

Атап айтатын болсақ, «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық құны – 460,3 млн. теңге.

— «Алмалы ресорт» туристік нысанына кіреберіс жолын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық құны — 148,7 млн. теңге.

— «Сарыкемер-Базарбай-Төрегелді» бағытындағы жолын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық құны — 243,2 млн. теңге.

2025 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 33,9 шақырымды құрайтын 12 жоба бойынша 981,6 млрд. теңгеге жұмыстар атқарылды. Оның ішінде облыстық бюджеттен — 830 500,0 мың теңге,   жергілікті бюджеттен — 151 147,0 мың теңге қарастырылған.

Фото: Otau.homsters.kz

Tags: баспанаБюджет қаражатыЖамбыл облысы Байзақ ауданы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ТҮРКІСТАНДА 801 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 769-Ы МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 801 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 769-Ы МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

1 неделя ago
Қазақстанда жалға алынған үйдің ақысы өтеледі: Үкімет қаулы қабылдады

Қазақстанда жалға алынған үйдің ақысы өтеледі: Үкімет қаулы қабылдады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In