Ал, тұрғындар саны 25 466-ға жетті. Қала құраушы және қала экономикасының қарқынды дамуының негізі «өңдеу өнеркәсібі» болып табылады. Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда.
Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов ағымдағы жылдың 5 айымен бюджет кірісі 225,6 млн теңгені құрағанын айтады. Нақтырақ айтатын болсақ, салықтық түсімдер — 203 992,0 мың теңге.
Оның ішінде:
-101202 – Төлем көзінен төленуге жатпайтын жеке табыс салығы: 107 488,0 мың теңге;
-104102 – жеке тұлғалардың мүлік салығы: 121,6 мың теңге;
-104302 – жер салығы: 2 725,9 мың теңге;
-104401 – заңды тұлғалардың көлік салығы: 676,9 мың теңге;
-104402 – жеке тұлғалардың көлік салығы: 90 540,1 мың теңге;
-105315 – жерді пайдаланғаны үшін төлем: 2 309,8 мың теңге;
-105430 – жарнама: 129,7 мың теңге;
Ал, салықтық емес түсімдер көлемі – 21 653,5 мың теңге.
Оның ішінде:
-201510 – коммуналдық мүліктерді жалға беру — 273,6 мың теңге;
-303101 – жер учаскелерін сатудан түскен төлемдер — 21 379,9 мың теңге. Сонда барлығы 225,6 млн теңге түсті.
Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үй кезегінде 1 965 азамат тіркелген. Ал жер кезегінде – 1809 адам тұр.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 2,2 млрд. теңгеге үш үй сатып алынып, тізімде тұрған тұрғындарға берілді. Қазіргі таңда 2 шағын аудандағы №32 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Бұған бюджеттен бөлінген қаржы — 629 388,0 мың теңге. Оған қоса 1,9 млрд. теңгеге 80 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына арналған жоба әзірленді.
Жергілікті бюджеттен инфрақұрылым жүйелеріне де қаржы бөлініп, бұл саланың жағдайы жақсарып келеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұзындығы 61,2 км болатын 76 көшенің 42-сі толық асфальтталған. Қалған 34 көшені газ құбырлары толық жүргізілген соң орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. 68 көшеге көше жарықтары орнатылған. 2026 жылға 8 көшеге көше жарықтары орнату жоспарлануда. 8 көшеге орнатылған жағдайда жарықпен қамтылған көшелердің пайызы 100 пайызға жетеді. Бұрынғы саяжайларды қоспағанда барлық 106 көпқабатты және 1676 жеке сектордағы тұрғын үйлерге ауыз су және кәріз жүйелері тартылған.
Биылғы жыл басына бері қала аумағында іске асырылған бюджеттік жобаларға тоқтала кетсек:
- 8 985,0 мың теңгеге саябақтар мен аллеяларда гүл егу жұмыстары.
- 17112,4 мың теңгеге жолдардың шұңқырларын жамау жұмыстары.
- 14 050,0 мың теңгеге саябақтар мен аллеяларды күтіп ұстау.
- 1 236,1 мың теңгеге аялдамаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары.
- 14 022,0 қаланың басты көшелеріндегі және саябақтардағы шөптерді ору.
- 15 111,0 мың теңгеге қаладағы фонтандарды күтіп ұстау.
- 4 088,0 зиянкес жәндіктерге қарсы залалсыздандыру.
- 9 788,8 мың теңгеге Жаңатас қаласындағы жолдардың таңбаларын жаңарту (разметка полос) жұмыстары.
- 17692,1 мың теңгеге басты көшелердің бойындағы талдарды пішімдеп қырқу.
- 4 724,5 мың теңгеге қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау және инертті материалдар себу жұмыстары атқарылды.
Биылғы жылдың басында Жаңатаста табиғат сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерге көмек беру және нысандарды қайта қалпына келтіру бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
- 230 449,3 мың теңгеге 13 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары жабылды.
- 43 197,8 мың теңегеге 3 футбол алаңшасын қайта қалпына келтіру;
- 14 859,8 мың теңгеге көше жарықтарын қайта қалпына келтіру;
- 1 189,4 мың теңгеге талдарды кесу және шығару;
- 18 120,7 мың теңгеге тудың тұғырын қалпына келтіру;
- 1 820,4 мың теңгеге жол белгілерін орнату;
- 24 892,8 мың теңгеге Жаңатас қаласындағы жел салдарынан зардап шеккен нысандардың техникалық жағдайын тексеру қорынтындыларын дайындау үшін және 6 жеке үйлердің шатырларын қалыпқа келтіруге қажетті құрылыс материалдарын сатып алу жұмыстары атқарылды.
Жалпы алғанда Жаңатас қаласы бойынша жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобалар (жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) нақтылауда тұр.
Олар:
— Жаңатас қаласынан «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салу – бұған облыстық бюджеттен 858,0 млн. теңге;
— Жаңатас қаласында 80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің құрылысы – бұған республикалық бюджеттен 1893,4 млн.теңге;
— Аудандық ауруханың құрылысына да республикалық бюджеттен 1596,6 млн. теңге қарастырылған.
– Жаңатас қаласының экономикалық әлеуметтік дамуы халық саны мен жұмыс орындарының санына тікелей әсер етеді. Тұрғындардың басым бөлігін тұрақты жұмыспен қамту үшін ірі кәсіпорындарды ұлғайту қажет, — дейді бөл жөнінде Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов. – Өндіріс ошақтары мен өндіріс көлемі үлкейген сайын, инфрақұрылым жүргізу мүмкіндіктері көбейеді. Бүгінгі күнге 5 ірі өңдеу өнеркәсібі («Еврохим» ЖШС, «Қазфосфат» ТКӨК, «Жарас» мұнай өңдеу зауыты, «Асыл тұз» соляная компания» ЖШС, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыты) тұрақты түрде жұмыс істеуде. Биылғы жылдың 5 айында өнеркәсіп өнімдерінің құны 65,2 млрд. теңгені құрады, 2025 жылдың 5 ай қорытындысымен салыстырғанда 14,1 млрд теңгеге артты (126,2 пайыз) 2025 жылдың 5 айында өндірген өнім көлемі – 51,1 млрд. теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 94,3 млрд теңгені құраса, 2024 жылдың осы көрсеткіші – 20,4 млрд теңгені құрады, яғни 73,9 млрд теңгеге артып отыр.
Фото: Qazaq газеті



