• RU
Среда, 22 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Жамбыл облысында жол құрылысы саласында 73 жоба жүзеге асуда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі, жол жөндеу жұмыстарының барысы және қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

by Jasyn
21/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру, Без рубрики
0
Жамбыл облысында жол құрылысы саласында 73 жоба жүзеге асуда
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,4 млрд теңге қарастырылған.

Бөлінген қаражат есебінен 73 жоба іске асырылуда. Оның аясында 2 көпір мен 3 теміржол өткелін салу, 5,7 шақырым көшені қайта жаңғырту, сондай-ақ 128,9 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

Жобалардың 33-і – өткен жылдан өтпелі, ал 40-ы – биыл басталған жаңа жоба. Бүгінгі күнге дейін 19 жоба толық аяқталған.

Жол құрылысының сапасын бақылау тұрақты жүргізілуде. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары осы уақытқа дейін 26 нысанда 57 инспекциялық тексеру өткізіп, 184 сынама алған. Бірқатар кемшілікті мердігер ұйымдар жұмыс барысында кезең-кезеңімен жоюда.

Кеңесте қоғамдық көлік саласының жай-күйі де сараланды. Қазіргі таңда облыста 163 автобус маршруты тұрғындарға қызмет көрсетуде. Оның ішінде 13 облысаралық, 27 ауданаралық, 72 ауданішілік және ауылішілік, 46 қалалық және 5 қала маңындағы маршрут бар.

Бұл бағыттарда 34 тасымалдаушы мекеме 814 автобуспен жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Автобус паркін жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Биыл қалалық бағыттарға 10 жаңа автобус жеткізілді. Жыл соңына дейін тасымалдаушы компаниялар қосымша 40 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, ауданішілік бағыттарға 2 жаңа автобус алынған.

Заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында жыл басынан бері 20 рейдтік іс-шара өткізілді. Оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 251 әкімшілік хаттама толтырылып, 2,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Кеңес барысында облыс әкімі жол құрылысы сапасының талапқа сай орындалуы басты назарда болуы керектігін атап өтті.

– Жол жөндеу жобалары белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы тиіс. Әрбір жобаның іске асырылу барысына апта сайын мониторинг жүргізіп, жұмыстың уақытылы аяқталуына кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу қажет. Жол құрылысында техникалық талаптар мен қолданыстағы стандарттарға толық сәйкес келетін асфальтбетон қоспалары ғана пайдаланылуы тиіс. Сапасыз материалдарды қолдануға жол берілмейді, – деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар өңір басшысы заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы күресті күшейтуді, стихиялық аялдамалар мен бейберекет тұрақтарды жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен рейдтерді тұрақты ұйымдастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, аудан орталықтарында автостанциялар немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін ашу, сондай-ақ жұмысын тоқтатқан нысандардың қызметін қайта жандандыру мәселесін жеке бақылауға алуды міндеттеді.

Кеңес қорытындысында жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Tags: жаңа автобус жеткізужол құрылысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы ауылдардың барлығы газбен қамтылды

Бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы ауылдардың барлығы газбен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

1 год ago
“Тегін жалдағандай күйде боламыз»: Қазақстанда такси арзандай ма?

“Тегін жалдағандай күйде боламыз»: Қазақстанда такси арзандай ма?

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In