• RU
Среда, 15 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Қан доноры: науқастарға өмір сыйлауға құштар жандардың қарасы көп

Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам азамат қан доноры атанады. Донорлардың саны бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары алдыңғы орында. Бұл ірі қалаларда халық санының көп болуына байланысты қан мен донорларға деген қажеттіліктің де жоғары болуымен түсіндіріледі.

by Jasyn
14/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Қан доноры: науқастарға өмір сыйлауға құштар жандардың қарасы көп
0
SHARES
73
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық қан орталығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы 44 медициналық ұйымды қауіпсіз, сапалы қан компоненттерімен тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Негізгі қызметі — донорлардан алынған қанды толық зертханалық тексеруден өткізу, өңдеу және медициналық ұйымдарға беру.

Енді өткен аптада Қазақстан үкіметінің қаулысымен қан донорлары үшін алғаш рет ресми түрде «Құрметті донор» марапаты енгізілді. Құрмет белгісі алғаш рет бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға беріледі.

Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес ведомстволық төсбелгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Атап айтқанда, қан және (немесе) тромбоцит донорлығы – кемінде 40 рет, қан плазмасының донорлығы – кемінде 70 рет болуға тиіс.

Төсбелгілерді Қазақстан теңге сарайы дайындайды.

«Медальдің әрбір бөлшегі терең мағыналық мәнге ие және Қазақстан Республикасы Геральдика жөніндегі республикалық комиссиясы бекіткен», — дейді ведомство өкілдері.

Бекітілген дизайнға сәйкес төсбелгінің негізгі символы қанық қызыл түсті эмальмен көмкерілген қан тамшысы түрінде жасалған. Тамшының ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының графикалық ырғағы орналасқан. Барлық композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасалады. Соның нәтижесінде жылда 80 мыңнан астам пациентке сапалы қан құю көмегі көрсетіліп, олардың өмірін сақтап қалуға және сауығуына мүмкіндік беріледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес медициналық тексеруден өту және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері донор болуға ниетті қызметкер орташа жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады.

Жалпы алғанда донорлардың азаматтық жауапкершілігі мен жанашырлығының арқасында еліміздің медициналық ұйымдары күн сайын операциялар жүргізуге, онкологиялық ауруларды емдеуге, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған пациенттер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету үшін қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада қан мен оның компоненттерінің 255 255 донациясы жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш азаматтардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және қан қызметінің тұрақты дамуын айғақтайды.

Донорлық қозғалыста құрметті донорлардың орны ерекше. Олар – қан мен оның компоненттерін 50 реттен астам тапсырған азаматтар. Олардың өтеусіз донорлықты дамытуға және адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлестері зор.

Деректерге көз жүгіртсек, жаһандағы әрбір үшінші адам қанға мұқтаж көрі­неді. Жалпы, донорлық қанның жетіспейтіні туралы біраз жылдың бедерінде көптеген мәлімет тараған еді. Десе де, кейінгі уақытта хәл үстінде жатқан азаматтарға өмір сыйлауға құштар жандардың қара­сы көбейе түскені көңіл қуантады.

Иә, қалай айтсақ та Түркістан өңірінде қан тапсыруға ниетті азаматтардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл бірінші кезекте мамандардың жүргізген сапалы жұмысының нәтижесі болса, екіншіден, жергілікті халық та донор болудың қоғам үшін пайдасын түсінгенін айғақтай түссе керек.

Фото: GOV.KZ

 

 

 

Tags: Қан донорысапалы қан
Jasyn

Jasyn

Next Post
75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады

75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар форумы өтті

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар форумы өтті

2 года ago
«150 литр бензинді тегін ал». Желіде тараған ақпарат рас па?

«150 литр бензинді тегін ал». Желіде тараған ақпарат рас па?

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In