• RU
Вторник, 14 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Алғыс – дәрігердің адал еңбегіне берілген ең жоғары баға

Жақсының жақсылығын айту – адамдықтың белгісі. Өмірде ұмытылмайтын сәттер болады. Арада қанша жыл өтсе де, тағдырдың таразысында шешуші рөл атқарған адамдардың жақсылығы жүректен өшпейді.

by Jasyn
13/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Алғыс – дәрігердің адал еңбегіне берілген ең жоғары баға
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәрігердің әрбір күні — адам өмірін сақтауға, халық денсаулығын қорғауға және әрбір жанға үміт сыйлауға арналған үлкен жауапкершілік пен ерлікке толы. Ол тек ем-дом көрсетуші маман ғана емес, қиын сәтте қолдау білдіретін, жылы сөзімен жүрекке демеу беретін мейірімділік пен жанашырлықтың символы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық денсаулығын сақтауды мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде айқындап келеді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – ақ халатты жандардың еңбегіне берілген жоғары баға. Мемлекет басшысының осы саясатын іске асыру аясында және Үкіметтің ерекше қолдауымен Түркістан өңірінде де денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ал, науқастардың алғысы – медицина қызметкерлерінің адал еңбегіне берілген ең жоғары баға.

— ​Мен үшін сондай жанның бірі – білікті дәрігер Бағила Құралқызы Утеулиева, — дейді Ләззат Тулемисова. — ​1995 жыл… Небәрі 24 жастағы кезім. Денсаулығым күрт сыр беріп, балдақпен де жүре алмайтын халге түскен едім. Үміт пен күдіктің арасында ауруханаға жеткізілгенім әлі күнге дейін көз алдымда. Сонда мені жап-жас, биязы мінезді, жүзі жылы, үні де ерекше мейірімге толы дәрігер қарсы алды. Ол – Бағила Құралқызы еді. Дәрігердің кәсіби біліктілігі мен адамға деген жанашырлығының арқасында мен қайтадан аяғымнан тұрдым. Бүгінде қызметімді абыроймен атқарып, еркін жүріп-тұрып жүргеніме, ең алдымен, Аллаға, содан кейін сол кездегі жанкешті еңбегімен өміріме үміт сыйлаған дәрігерге шексіз ризамын. Зулап өткен отыз бір жылдың қалай өте шыққанын да байқамаппын. Күні кеше, 1 шілде күні, арнайы барып, кезінде төсекке таңылған мені аяққа тұрғызған абзал жанмен жүздесудің сәті түсті. Алғысымды айтып, өткен күндерді бірге еске алдық. Әңгіме барысында Бағила Құралқызының медицина саласындағы 36 жылдық еңбек жолының 25 жылын басшылық қызметке арнағанын, көптеген марапаттар мен жоғары дәрежелердің иесі екенін өз аузынан естідім. Бірақ мені таңғалдырғаны – биік лауазым мен толайым жетістік оның қарапайым болмысына титтей де өзгеріс енгізбепті. Осыдан отыз бір жыл бұрынғы биязы қалпы, кішіпейілдігі, адамға деген ықыласы сол күйінде сақталған.

Бағила Құралқызы – үш ұлды тәрбиелеп өсірген ардақты ана, алты немеренің аяулы әжесі. Сонымен қатар мыңдаған адамның дертіне дауа болып, жанына шипа сыйлаған білікті дәрігер, ұжымына бағыт-бағдар берген басшы. Осындай асыл қасиеттердің барлығы бір адамның бойынан табылуы – үлкен бақыт әрі кейінгі буынға үлгі. Тұлғалық – атақпен емес, адамгершілікпен өлшенеді. Ізгілік – жүрекпен даритын қасиет. Сынға сынбайтын, жалаға жүнжімейтін, нәзік жанды болса да рухы мықты Бағила Құралқызы Утеулиева – халқына адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Сондай-ақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінде ем алып жатқан ақ жаулықты әже мен ақсақалды ата бөлімнің дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Олар емдеу барысында көрсетілген кәсіби біліктілікке, мейірімді қарым-қатынасқа және жанашырлыққа ерекше алғыстарын айтып, ақ халатты абзал жандардың еңбектеріне табыс пен толайым жетістік тіледі.

Тағы бір емделуші азамат ақ халатты жандарға алғысын жолдапты.

— ​Құрметті Жанат Есенғалиқызы бастаған Түлкібас аудандық орталық ауруханасының ұжымы! Ардақты, шипагер дәрігерім Гүлмира Амангелдіқызы! – дейді Мейірхан Мейрамбекұлы. — ​«Дәрігерлер — саулық сақшылары, жақсылық дейтін адамдықты сақтап тұрған жүректегі алтын қақпасының кілтіне ие жандар» — деп ұлы жазушы А.П. Чехов айтқандай, Сіздер — адам жанының арашасы, үміт пен сенімнің шырақшысысыздар. Ұзақ жылдар бойы менің денсаулығымды жіті қадағалап, талма ауруына қарсы емдеуде кәсіби шеберлігі мен жүрек жылуын аямаған невролог Аббасов Мұстафа, ұзақ жыл терапевт болған Гүлназ Есееваға, невролог Умирбекова Жансая, Лаура Алихановна, Заур Байрамов, Есімбай Сәкен, эпилептолог дәрігерім Гүлмира Амангелдіқызы, кардиолог Даупбаева Мария, көз дәрігері Балтабаева Гүлнарға, Мағжан Әліқұлұлына, травматолог дәрігер Валиев Зиядинге, Қарағандылық дәрігерлер Светлана Тен, Постельняк Елена, Калашникова Татьянаға және бүкіл «Алатау», «Балбөбек» емханаларының ұжымына шексіз алғысымды білдіремін!

​Екі апта сайын қарап тұратын дәрігерлерім Кошкинова Сәуле мен Ниязалиева Шолпан апайлардың еңбегін жоғары бағалаймын! Дәрігерлерді жақсылыққа бір үйдің баласындай жұмылдырып отырған Жансұлу Акылбаева мен Ерлан Байымбетұлына үлкен рақмет!

Фото: egemen.kz

 

Tags: дәрігердің адал еңбегіТүлкібас аудандық орталық ауруханасыТүркістан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуге ерекше көңіл бөлінген

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуге ерекше көңіл бөлінген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Республикалық жас педагогтер байқауы басталды

Республикалық жас педагогтер байқауы басталды

3 года ago
Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады

Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In