• RU
Воскресенье, 12 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

6 740 кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетілді

Түркістан облыстық балалар ауруханасының хирургтары өмірінің бірінші тәулігінде ішектің туа біткен өткізбеушілігі анықталған жаңа туған нәрестеге жедел түрде операция жасады.

by Jasyn
12/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
6 740 кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетілді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аш ішек атрезиясы — эмбриондық дамудың бұзылуына байланысты ішек қуысының туа біткен болмауы, бұл бір немесе бірнеше ішек сегменттері деңгейінде бітелуге әкеледі. Ішек атрезиясы- көптеген этимологиялық факторлар мен патогенетикалық жолдарды қамтитын гетерогенді жағдай. “Атрезия” — термині (грекше- a-“жоқ” және tresis-“ашылу”) ішек қуысының толық бітелуімен бірге жүретін туа біткен ахауды білдіреді. Жаңа туған нәрестелердегі ішек өтімсіздігі- неонаталдық кезеңдегі ең көп таралған төтенше жағдайлардың бірі.

Пациенттерді сәтті басқару уақытылы диагноз қоюға және тиісті хирургиялық тәсілдерді таңдауға байланысты.

Облыстық N3 перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестеде өмірінің бірінші тәулігінде ішектің туа біткен өткізбеушілігі анықталды. Жедел түрде нәрестеге операция алдындағы дайындық жүргізіліп, нәрестеге щұғыл түрде операция жасалынды, операция барысында пациентте ішек атрезиясының IIIa типті формасы анықталып ішек анастомозы “fish mouth” тәсілімен жасалынды. Операциядан кейінгі кезең асқынуларсыз, пациент қазіргі таңда жақсарумен, анасының сүтімен тамақтандыру жүргізіліп жатыр.

Операцияны Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар хирургі, облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары, жоғары санатты балалар хирургі жасаған Сұлтанғали Маутайұлы Сарыбай жасады. Пациенттің емделуі МӘМС шеңберінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, еліміздің жетекші хирургиялық орталығында 800-ші бүйректі трансплантаттау сәтті жүзеге асырылды. Бұл операция отандық трансплантология саласындағы кезекті маңызды жетістік болып, Қазақстандағы жоғары технологиялық медициналық көмектің даму деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл операция академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жүргізілді. Пациент – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысымен ауыратын 14 жастағы қыз бала. Соңғы бір жыл бойы оның өмірі перитонеалдық диализбен тығыз байланысты болды. Бұл – өмірді сақтап қалу үшін аса қажет болғанымен, адамның өмір сүру сапасын едәуір шектейтін ем-шара.

Бұл оқиғаның ерекше маңыздылығы – қыз балаға донор болған адамның өз анасы екендігінде. Қызын аман алып қалу үшін анасы өзінің бір бүйрегін беруге шешім қабылдады. Аналық махаббаттың, жанқиярлықтың және қазақстандық дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Алда оңалту кезеңі күтіп тұр. Одан кейін ол толыққанды өмірге оралып, білім алып, құрдастарымен еркін араласып, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда биыл ғана ашылған Астана қаласындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ашылған балалар травматологиялық пункті алғашқы айларда жарақаттармен, сынықтармен, буын шығуларымен және басқа да зақымданулармен келген 6 740 кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетті.

Мамандандырылған балалар травматологиялық пунктінің ашылуы Астана қаласында балаларға шұғыл травматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Медициналық көмекке жүгінгендердің жалпы санының 4 042-сі (59,9%) – ұл балалар, ал 2 698-і (40,1%) – қыз балалар.

Өтініштерге жүргізілген талдау балалар жарақатының ең жиі себебі көше жарақаттары екенін көрсетті. Олардың үлесіне барлық жағдайлардың 45,2%-ы тиесілі. Екінші орында тұрмыстық жарақаттар (29,2%), одан кейін спорттық жарақаттар (11,8%), мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда алған жарақаттар (10,5%), сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары (2,4%) және жол-көлік оқиғалары салдарынан болған жарақаттар (0,7%) орналасқан.

Жүгінулер құрылымында ең көп кездескені – соғылулар мен байламдардың созылуы, олардың үлесі барлық жағдайлардың 52,8%-ын құрады. Әртүрлі орналасқан сүйек сынықтары пациенттердің 29,6%-ында, ал буын шығулары 10,7%-ында тіркелді.

Мамандандырылған балалар травматологиялық пунктінің жұмысы кішкентай пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін едәуір арттыруға, асқынулар қаупін төмендетуге және әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар кезінде емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға, әсіресе жазғы демалыс кезеңінде, балалар жарақатының алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Фото: Ulysmedia.kz

 

Tags: “fish mouth” тәсілімедициналық көмекТүркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Басты міндет – әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру

Басты міндет – әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру

9 месяцев ago
Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім көлік айдап полициядан қашқан

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім көлік айдап полициядан қашқан

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In