• RU
Воскресенье, 12 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Жетісайда заманауи медициналық орталық ашылды

Халқымыз байырғы заманнан жан мен тәннің саулығын айрықша орынға қойып, назарға алған. «Бірінші байлық – денсаулық» – еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.

by Jasyn
12/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Жетісайда заманауи медициналық орталық ашылды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Адамдардың баға жетпес байлығы – денсаулығын, өмір сапасын жақсарту жолында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұ­мыстар ұшан-теңіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақ­тау саласын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнаған Жолдау­ларын­да нақты талаптар қойып отыр. Соңы жылдары Қазақстан медицинасы қай жағы­нан болсын дамып, өрлеу, өркендеу кезеңіне бет алды.

Соның бір дәлелі, өткен аптада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында Асықата кентінде жаңадан бой көтерген «Aksu Samruk Medical Clinic» медициналық орталығының ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде адам өмірі мен денсаулығы мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

– Бүгін өңіріміз тағы бір маңызды әлеуметтік нысанмен толықты. Денсаулық сақтау саласына салынған әрбір инвестиция – ел болашағына салынған инвестиция. Сондықтан жаңа медициналық орталықтардың ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, ана мен бала денсаулығын нығайтуға, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өңірде өндіріс орындарын ғана емес, әлеуметтік нысандарды да көбейту – басты міндеттердің бірі, – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімі Түркістан облысы құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Егер 1991-2017 жылдары өңірде 386 денсаулық сақтау нысаны салынса, соңғы сегіз жылда облыста 214 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілген.

Жергілікті кәсіпкер Елдос Байыспаевтың жеке инвестициясы есебінен 2 млрд теңгеге салынған медициналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда тәулігіне 280 адамға дейін қызмет көрсетіледі. 10 орындық күндізгі және 40 орындық тәуліктік стационар жұмыс істейді. Жоба аясында 70 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылдың мамыр айында басталған құрылыс нәтижесінде бой көтерген, жалпы аумағы 2565 шаршы метрді құрайтын орталықта терапевт, кардиолог, хирург, травматолог, лор, эндокринолог, невропатолог, гастроэнтеролог, дерматолог, офтальмолог, стоматолог, гинеколог, уролог, педиатр және басқа да бағыттағы жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар орталықта күрделі операциялар жасауға мүмкіндік қарастырылған. Балалар мен ересектерге арналған вакцина бөлмелері, зертханалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифт, заманауи жедел жәрдем көліктері жұмыс істейді.

Осының алдында ғана Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Жылы су ауылдық округіне арнайы барып, ондағы шипажайлардың қызметін көрді. Жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысқан болатын.

Сапар барысында аудан басшысы тарапынан демалушылар мен ем қабылдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы, шипажай аумақтарындағы инфрақұрылымды жақсарту, ғимараттарды заманауи талаптарға сай жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді.

Сонымен қатар, емдік-сауықтыру қызметтерінің ұйымдастырылуы, келушілерге ұсынылатын медициналық және профилактикалық шаралардың сапасы назарға алынды. Мекеме басшылары мен округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аудан әкімі туристік және емдік-сауықтыру әлеуетін дамыту өңір экономикасына оң серпін беретінін атап өтіп, нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, келушілер үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

«Жылы су ауылдық округіндегі шипажайларды дамыту тұрғындардың денсаулығын нығайтуға ғана емес, ішкі туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді» деді аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.

Фото: Жетісай Ауданы Әкімдігі

 

Tags: «Aksu Samruk Medical Clinic» медициналық орталығыЖетісай
Jasyn

Jasyn

Next Post
Кентауда алғаш рет бариатриялық ота сәтті жүзеге асырылды

Кентауда алғаш рет бариатриялық ота сәтті жүзеге асырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

5 лет ago
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In