• RU
Вторник, 7 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Эпилепсияны емдеудегі «чип қою» әдісінің тиімділігі қандай?

Бүгінде Түркістан облысы бойынша 1 жастан 18 жасқа дейінгі 2315 бала эпилепсия диагнозымен есепте тұр. Әр бала өзіне тиесілі медициналық мекемеде тұрақты бақылауда болады, себебі эпилепсия ұзақ мерзімді динамикалық бақылауды қажет ететін ауру.

by Jasyn
07/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Эпилепсияны емдеудегі «чип қою» әдісінің тиімділігі қандай?
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халық арасында «қояншық» деп аталатын эпилепсия – ұзақ уақыт бойы емсіз деп саналған ауыр неврологиялық дерттердің бірі. Қазіргі таңда медицинаның дамуы бұл ауруды толық бақылауға алып, ұстамалардың жиілігін азайтуға және науқастардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Эпилепсияны алғаш ғылыми түрде сипаттағандардың бірі – Гиппократ. Ол бұл дерттің пайда болуын табиғи факторлармен байланыстырған. Тарихта Юлий Цезарь, Наполеон Бонапарт, Ван Гог сияқты әйгілі тұлғалардың да осы аурумен ауырғаны айтылады.

Бүгінде эпилепсия – заманауи диагностика мен емдеу әдістері арқылы бақылауға болатын ауру.

Түркістан облысының штаттан тыс бас балалар неврологы Әбілқайыр Дүйсенбекұлы диагноз қоюда ең маңызды екі әдіс бар екенін айтады. Біріншісі – электроэнцефалография (ЭЭГ). Бұл зерттеу мидағы электрлік белсенділікті тіркеп, патологиялық ошақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Компьютерлік талдау арқылы ұстаманың қай аймақтан басталатыны нақтырақ көрінеді. Екіншісі – магниттік-резонанстық томография (МРТ). Ол мидағы құрылымдық өзгерістерді көрсетеді. Мысалы, ісік, жарақат, қан тамырлық ақаулар сияқты себептер анықталуы мүмкін. Қажет болған жағдайда қосымша тексерулер – ЭКГ, офтальмологиялық тексеру, қан мен зәр талдауы жүргізіледі. Барлық нәтижелерге сүйене отырып, дәрігер эпилепсияға қарсы ем тағайындайды. Бұл жерде ең маңыздысы – дәрілерді өз бетінше қабылдамау, себебі бұл жай ғана дәрумен емес, мидың белсенділігіне тікелей әсер ететін препараттар. Ем ең төмен дозадан басталып, біртіндеп түзетіледі. Науқас міндетті түрде бақылауда болады: үш ай сайын қан талдауы, ал алты ай сайын ЭЭГ жасалады. Ұзақ ем барысында бауыр қызметіне де әсер болуы мүмкін, сондықтан УДЗ арқылы тұрақты бақылау жүргізіледі.

Эпилепсия үш негізгі түрге бөлінеді: симптоматикалық, идиопатикалық және криптогендік. Симптоматикалық түрі көбінесе ми жарақаты немесе мидағы белгілі бір зақымдардан кейін пайда болады. Яғни бұл жағдайда нақты себеп анық көрінеді. Идиопатикалық эпилепсия тұқым қуалайды, генетикалық факторлармен байланысты болады. Көп жағдайда отбасылық тарихта ұқсас жағдайлар кездесуі мүмкін. Ал криптогендік түрі ең күрделі саналады, себебі оның нақты себебі анықталмайды. МРТ нәтижелері қалыпты, генетикалық факторлар да байқалмайды, бірақ соған қарамастан ұстамалар қайталанып отырады.

– Қазіргі медицинада эпилепсияны емдеуде қолданылып жүрген жаңа технологиялар, соның ішінде VNS аппараты немесе «чип қою» әдісі қандай жағдайда қолданылады? Және оның тиімділігі қандай? Енді сол туралы аз-кем айта кетейін. Бұл әдіс эпилепсияның барлық түріне қолданылмайды. Ол тек фармакорезистентті, яғни дәрі-дәрмек әсер етпейтін ауыр жағдайларда ғана қолданылады. Мұндай кезде науқасқа VNS – кезбе жүйкені стимуляциялау аппараты орнатылады. Бұл құрылғы мойын аймағындағы кезбе жүйкеге әлсіз электр импульстерін беріп, мидың электрлік белсенділігін реттеуге көмектеседі. Кезбе жүйке миды жүрек пен өкпе сияқты маңызды мүшелермен байланыстыратын негізгі жүйелердің бірі. Сол себепті оны ынталандыру арқылы ұстамалардың жиілігін төмендетуге мүмкіндік бар.

Облыстық балалар ауруханасында осы әдіс 10 балаға қолданылды. Нәтижесінде олардың жағдайы жақсарды: ұстамалар толық тоқтамағанымен, жиілігі айтарлықтай азайды. Ең маңыздысы – жанама әсерлер тіркелген жоқ, — дейді бұл жөнінде Түркістан облысының штаттан тыс бас балалар неврологы Әбілқайыр Дүйсенбекұлы.

Неврологиялық бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Түркістан облысы бойынша неврологиялық ауруы бар балаларға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Мекеме заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Науқас толық тексеруден өтіп, нақты диагноз қойылады және әрі қарай жергілікті деңгейде бақылауға жіберіледі. Бұл аурулардың көпшілігі қысқа мерзімде жазылып кетпейтіндіктен, емнен кейінгі оңалту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Қажет болған жағдайда телемедицина арқылы кеңес беріледі немесе науқас жедел түрде ауруханаға қабылданады.

Фото: Experts Medical

 

 

 

Tags: қояншықТүркістан облысыЭпилепсияны емдеу
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауданда 116 жоғары білімді дәрігер еңбек етіп жүр

Ауданда 116 жоғары білімді дәрігер еңбек етіп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде өндірілген дәрі-дәрмектің экспорты 28,5 пайызға азайған

Елімізде өндірілген дәрі-дәрмектің экспорты 28,5 пайызға азайған

2 года ago
Пенсионер лишился водительских прав за пьяное вождение  в Жамбылской области

Пенсионер лишился водительских прав за пьяное вождение в Жамбылской области

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In