• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Медицинадағы басты құндылық – білікті маман

Бүгінде Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Өткен жылы облыс дәрігерлері 75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Медицинадағы басты құндылық – білікті маман
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұрын тек шетелде немесе елордада ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде өңірде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер арқылы 486 ауылдағы 434 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында да нақты нәтижелер бар. Нәресте өлімі 18,3 пайызға, бала өлімі 14,9 пайызға төмендеді.

Медицинадағы басты құндылық – білікті маман. Сондықтан кадр даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті бюджет есебінен 297 дәрігер-резидент даярланып, биыл ауылдық жерлерге жұмысқа барған 73 жас маманға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, бүгінде Түркістан облысының 2 миллионнан астам халқына қазіргі таңда 757 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетуде. Облыс бойынша 24 мыңнан астам медицина қызметкер ел денсаулығын түзеу жолында еңбектенуде.

– Соңғы жылдары облысымызда түрлі аурулардан болатын өлім-жітім және аурушаңдық көрсеткіш деңгейі оң динамикаға қол жеткізілді. Әлеуметтік маңызы бар қан айналым жүйесінен болатын, онкологиялық аурулар көрсеткіші төмендеп, нәтижесінже нәтижесінде облыс тұрғындарының орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті. Түркістан облысының 80 пайызға жуық халқын ауыл тұрғындары құрайды. Бүгінгі күнде ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешендер, медициналық пойыздар, қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету және аурулардың алдын алу үшін профилактикалық қарап тексеру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сонымен қатар, ең жаңа, күрделі және бірегей медициналық технологияларды қолдана отырып, пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде, – дейді Асхан Марқабайұлы.

2024-2026 жылдар аралығында облыс көлемінде 375 жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Атап, айтқанда бүгінге дейін барлығы 42 ағза трансплантациясы жасалды. Оның 38-і бүйрек, 4-еуі бауыр ауыстыру операциясы. 28 экстра-интракраниалды васкулярлы шунтирлеу, 26 интракраниальды артерияларға тері арқылы стентті имплантациялау, 138 бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық (толық) эмболизациясы немесе окклюзиясы, 17 автоматты кардиовертер/дефибрилляторды имплантациялау жамбас және тізе алмастырғыштарын ревизиялау және т.б.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №282 қаулысына сәйкес, халыққа бір жерден медициналық көмек көрсетуге, жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін мақсатты түрде кеңейтуге мүмкіндік беру мақсатында 4 көпбейінді аурухана іске қосылып, қайта ұйымдастырылды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша облыстық перинаталдық орталықтар мен облыстық балалар ауруханасы құрылымын реновациялау нәтижесінде, олар босандыру қызметтерін дамытуда озық тәжірибе көрсетуде. Барлығында «Ұрықты қорғау орталықтары», «Бір күндік клиника», «Салауатты ана» пансионаттары ашылған. №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ситуациялық орталық» арқылы әйелдер мен жүкті әйелдердің жағдайын күнделікті бақылау жұмысы жүргізілуде. Үздік менеджмент жүйесі енгізіліп, жаңа технологиялармен симуляциялық орталық ашылды.

Облыстық перинаталдық орталықтар жетекшілік ететін медициналық ұйымдарға шығып, ұйымдастыру-әдістемелік көмегін тұрақты көрсетуде. Босанған әйелдер мен жүктілердің денсаулығын күнделікті бақылау үшін перинаталдық орталықта күн сайын «виртуалды қарап шығу» ұйымдастырылған.

Ал, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша Мемлекет басшысының «Әділетті мемелекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының үшінші бағдары – «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестицияны» орындау мақсатында 2024 жылы облыста жалпы 55 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 49 нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асырылды – 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фелдьшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт. 3 дәрігерлік амбулаторияның ғимараты облыстық бюджет есебінен, 2 фелдьшерлік-акушерлік пункт пен 1 медициналық пункт жеке инвесторларды тарту арқылы салынды.

Фото: med.mcfr.kz

 

Tags: білікті маманкадр даярлауТүркістан медицинасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет есебінен 505 медицина қызметкері біліктілігін арттырды

Бюджет есебінен 505 медицина қызметкері біліктілігін арттырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанның кейбір аймақтарында бензин қымбаттайды

Қазақстанның кейбір аймақтарында бензин қымбаттайды

4 года ago
Жап-жаңа медициналық жабдықтар мүлдем пайдаланылмай тұрған

Жап-жаңа медициналық жабдықтар мүлдем пайдаланылмай тұрған

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In