• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

«Бір күндік клиника» қандай мүмкіндіктер береді?

№1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығында 2024 жылдан бастап «Бір күндік клиника» қағидаты бойынша қызмет ұйымдастырылып, қауіп-қатерді бағалаудан бастап нақты генетикалық диагноз қоюға дейінгі барлық қызметтер бір күн ішінде көрсетіледі.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
«Бір күндік клиника» қандай мүмкіндіктер береді?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бір күндік клиника» жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ақауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда жүкті әйелдер «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады. Бір жұмыс күні ішінде қауіпті белгілерді бағалаудан бастап нақты генетикалық диагноз қоюға дейін жұмыс жасайды. Аталған бірегей жоба Ұрықты қорғау орталығында «осында және қазір» принципімен жұмыс істейді. Тәжірибесі мол мамандары болашақ аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, жан-жақты қолдау көмек көрсетеді. Ұрықты қорғау орталығының жұмысының нәтижесінде жүктіліктің асқыну деңгейін едәуір төмендетіп, жаңа туған нәрестелердің денсаулық көрсеткіштерін жақсартады.

Бұл өз кезегінде демографиялық жағдайға және халқымыздың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді. Мұнда әрбір әйел жүктіліктің сенімді бақылауда және баласының денсаулығы қауіпсіз болатынына сенімді бола алады. «Бір күндік клиника» Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Денсаулық сақтау басқармасының үйлестіруімен нәрестелер мен балалар өлімін және балалардың мүгедектігін азайту мақсатында іске асырылып отыр.

«Бір күндік клиника» жобасы аясында жүкті әйелдердің асқыну қауіптерін анықтауға болады. Мысалға, преэклампсияның даму қаупін 80 пайыз ерте анықтауға мүмкіндік береді. Және де жүкті әйелдерге қосымша зерттеу ретінде PLGF маркерінің анықталуы кіреді, бұл зерттеу жаппай скрининг үшін қолданылмайды. Лабораторлы зерттеулер қанды тасымалдау және сақтау мәселелерін азайтады. Пациенттердің кеңес алуға келу санын, жұмсалған уақытын, көлік шығындарын азайту арқылы мазасыздық пен стресс деңгейін төмендетеді.

— Біз пациенттерімізге болашақ баланың денсаулығына қатысты ең дәл және уақытылы диагноз қоюға тырысамыз. Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «осында және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Біз емделушілерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында ең заманауи медициналық диагностика мен емдеу әдістерін ұсына аламыз, — дейді бұл жөнінде №1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева.

Өткен жылы әйелдер консультациясында 13 мың 416 жүкті әйел бақылаудан өтті, оның ішінде 4500 жүкті әйелге допплерография жасалды. Ұрықты қорғау орталығында 20705 жүкті әйелге, туа біткен даму ақаулары бар 325 балаға және қолайсыз акушерлік-гинекологиялық анамнезі бар 352 әйелге консультациялық көмек көрсетілді.

№1 Түркістан облыстық перинаталдық орталық — облыс аудандарындағы медицина қызметкерлерін практикалық дағдылар мен операциялық техникаға үйрететін базалық орталық болып табылады. 2025 жылы жетекшілік ететін аудандардың орталық аудандық ауруханаларынан 123 қызметкер оқытылды.

Тренинг орталық болғандықтан мұнда оқып біліктілігін арттыру үшін, тәжірибе алмасу үшін жоғарыда аталған 8 аудан ғана емес, жалпы Түркістан облысы бойынша мамандар келіп тұрады. Сосын облыстағы әр ауданға дәрігерлер кураторлық жасайды. Яғни, білікті дәрігерлер өз жауапкершілігіне перинаталды орталықтағы жұмысынан бөлек, өздеріне жүктелген аудандардағы перзентханалардың жағдайын да бақылап, ай сайын барып көмек қолын созады. Медицина күн сайын өркендеп, дамып жатқандықтан тәжірибе алмаспауға болмайды. Шет елдерде оқып, білім-біліктілігін арттырған мамандар келісім бойынша осында келіп, қазіргі жаңа технологиялардың тәсілдерін әріптестеріне үйретеді.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап күн сайын ZOOM ТМК форматында №1 облыстық перинаталдық орталығының куратор-дәрігерлері мен жетекшілік ететін медициналық ұйымдардың босандыру бөлімшелері меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-обходтар өткізіледі. Онда пациенттерді тексеру және емдеу үдерістері талқыланып, тиісті ұсынымдар беріледі. Орталықтың жоғары білікті дәрігерлері әртүрлі гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсетуде мол тәжірибеге ие. Олар жатыр миомасы, аналық без кисталары кезінде лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар жасайды, бедеулік кезінде жатыр түтіктеріне операциялар жүргізеді, сондай-ақ жатырдың төмен түсуі немесе түсуі кезінде пластикалық операциялар жасайды.

Фото: Kazinform

 

Tags: «Бір күндік клиника»№1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығыжүктілік
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ана мен бала денсаулығын қорғау және проактивті скрининг мәселелері талқыланды

Ана мен бала — егіз ұғым

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2030 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі тіптен төмендеуі мүмкін

2030 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі тіптен төмендеуі мүмкін

1 год ago
Әр басылым басшысының еңбегі ерлікке пара-пар

Әр басылым басшысының еңбегі ерлікке пара-пар

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In