Нақтырақ айтсақ, 2026 жылдың маусым айында Жаңатас қаласында азаматша М. жанжал барысында, жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болып, тұрғын үйдің жанындағы автотұрақтағы жұбайына тиесілі «BMW» маркалы автокөліктің әйнегін қасақана сындырған.
Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және медициналық қорытындымен дәлелденді. Сотта М. кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Жәбірленуші сотқа әйелін кешіргенін және оған ешқандай шағымы жоқ екенін түсіндірді.
Негізі ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот кінәсін мойындауды, өкінуді, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 151 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: NUR.KZ



