• RU
Пятница, 19 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу

67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысы құрылғаннан бері инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

by Jasyn
19/06/2026
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу
0
67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу бойынша кешенді шаралар қолға алынған.

Түркістан қаласының рухани және туристік орталық ретінде қарқынды дамуы да өңірге тартылатын инвестиция көлемінің артуына оң әсерін тигізді. Соның нәтижесінде соңғы 8 жылда облыс экономикасына жалпы көлемі 7 трлн 570,8 млрд теңге инвестиция тартылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн 745,6 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 314,1 млрд теңгені құраған болатын.

Инвестициялық белсенділік биыл да жоғары қарқынмен жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында өңір экономикасына 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,5 пайыздық өсімді көрсетеді. Өткен жылдың бес айында инвестиция көлемі 387,8 млрд теңге болған.

Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысымен облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетіп, жоспарланған көрсеткіш артығымен орындалды.

Биыл жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Оған қоса, негізгі инвестициялық алаңдар бар. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар және облыстық барлық аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер қарастырылған.

Алдағы уақытта да өңір экономикасына инвестиция тарту жұмыстары жалғасып, жаңа өндірістерді іске қосу, экспорт көлемін ұлғайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жобаларға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, былтыр облыста 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4 пайызды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті немесе 20,5 млн адамның 13,1 млн адамы табиғи газға қол жеткізді.

«Республиканың барлық батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында газдандыру деңгейі 90 пайыздан асады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстары және Жетісу облысында газдандыру деңгейі 60 пайыздан 90 пайызға дейінгі аралықты құрайды. Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында газдандыру 60 пайыздан төмен деңгейді құрайды. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңгені ескере отырып, газдандыру деңгейін 64,3 пайызға дейін жеткізу немесе 32 мың адам табиғи газға қол жеткізу жоспарлануда», – деді спикер.

2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ тұтыну көлемі 21,3 млрд текше метрді құрады. Ағымдағы жылға арналған тұтыну болжамы – 22,3 млрд текше метр.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: 67 инвестициялық жобагаздандыру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді

Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Болмағанды болды деуге жол берілмейді»

«Болмағанды болды деуге жол берілмейді»

2 года ago
Көкшетауда мұғалім 1-сынып оқушыларының маңдайына «дәптер» деп жазып берген

Көкшетауда мұғалім 1-сынып оқушыларының маңдайына «дәптер» деп жазып берген

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In