• RU
Вторник, 16 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экспортқа шығып жатқан еттің 80 пайызы Түркістан облысының еншісінде

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі артты. 4 айда 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,8 есе артығымен орындалды.

by Jasyn
15/06/2026
in • Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Экспортқа шығып жатқан еттің 80 пайызы Түркістан облысының еншісінде
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы және АӨК дамуына тоқталды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 919 мың гектарға егілді. Оның ішінде, жаздық дақылдар 536 мың гектар, күздік егіс 208 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектар жерге себілді. Егіс құрылымына сәйкес, мақта 17 мың гектарға (162 мың га), мақсары 16 мың гектарға (85,4 мың га) жүгері 15 мың гектарға (55,2 мың га) артса, ал су шығынын төмендету бағытында күріш 7 мың гектарға (3,5 мың га) қысқартылды.

Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Минералдық тыңайтқыштарды егіс алқаптарына 204 мың тонна енгізу жоспарланып, бүгінгі күнге 90 мың тонна енгізілді. Жеңілдетілген 53 мың тонна жанар-жағармайға қажеттілік анықталды. Бүгінгі күнге 23,7 мың тоннасы босатылды. Босату жұмыстары мерзімінде жүргізіліп жатыр.

Тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиелендіруге 34 млрд теңге қаржы қарастырылған. Есепті кезеңде 25 млрд теңгеге 1722 жоба қаржыландырылды.

Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен ендіру тапсырмасы аясында биыл жоспар 27 мың гектар болса, 50 мың гектарға енгізіліп, жоспар 2 есеге артығымен орындалмақ. Нәтижесінде су үнемдеу технологиялары енгізілген жалпы алқап 164 мың гектарды құрап, 280 млн текше метр ағын су үнемдеуге қол жеткізіледі. Бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары жаңадан 37 мың гектар жерге енгізілді.

Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын шегіртке зиянкестерінен қорғау мақсатында фитосанитариялық мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Биыл 906 мың гектар аумақта зерттеу жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңда 889 мың гектар жер зерттелді. Өңдеу жұмыстарына арнайы техника, су тасымалдау көліктері, аэрозольді генераторлар, дрондар және авиациялық құралдар тартылды. Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шаралары тұрақты бақылауда.

Облыста мал шаруашылығының даму қарқыны жоғары. Республикадағы ұсақ малдың 20 пайызы (5224,5 мың бас), ірі қара малдың 13 пайызы (1249,6 мың бас), түйенің 14 пайызы (44,8 мың бас), жылқының 10 пайызы (530,9 мың бас) және құс басының 5 пайызы (2260,2 мың бас) облыстың үлесінде. 2026 жыл қаңтар-сәуір айларына 76 мың тонна ет (121,7%), 161 мың тонна сүт (98,6%), және 108 млн дана жұмыртқа (135%) өндірілді.

Өңірде эпизоотологиялық ахуал тұрақты. Ветеринариялық ұйымдарды материалдық қамтамасыз ету мақсатында жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 3,9 млрд теңге қаржы қаралып 4 ветеринариялық станция, 109 ветеринариялық бекет, 21 мал өлексесін тастайтын орындарды салыну үстінде.

Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. 4 айда 4,2 мың тонна ірі қара мал еті, 9,4 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Үкіметтің тікелей қолдауымен облыста жалпы қуаттылығы 50 мың басқа арналған ірі бордақылау алаңы іске қосылды. Бұдан бөлек, 30 мың басқа арналған 6 кәсіпорын экспорттаушылар тізіміне енгізілді. Ет кластерін дамыту бағытында құны 54,1 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар арқылы 800-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған жобалардың нәтижесінде жылына 18 мың тонна ет, 90 мың тонна өңделген ет өндіріліп, жыл сайын 53,5 млрд теңгенің өнімі өндірілмек.

Ал, биыл Түркістан қаласында Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 19 жоба арқылы 136 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінде 3 жоба іске асырылып, 41 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша жылдық жоспар 1 250 орынды құрайды. Есепті кезеңде 383 жұмыс орны құрылып, бес айлық жоспардың орындалуы 93 пайызға жеткен. Тұрақты жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері 1 794 азамат жұмысқа жолданып, бес айлық жоспар 66,5 пайызға орындалды. Оның ішінде 1 644 азаматқа міндетті зейнетақы жарналары аударылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жылдық жоспар 1 600 орынды құраса, бес айдың қорытындысымен 1 232 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 103,9 пайызға орындалған. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 900, жастар практикасына – 164, әлеуметтік жұмыс орындарына – 97 және «Күміс жас» жобасы аясында 71 азамат жолданған.

Фото: NUR.KZ

Tags: агроөнеркәсіптік кешеніАуыл шаруашылығыТүркістан облысыэкспорт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жазғы спартакиада аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылды

Жазғы спартакиада аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мейрамбек Бесбаевпен кездескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр

Мейрамбек Бесбаевпен кездескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр

5 лет ago
Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In