• RU
Четверг, 4 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Қазақстанға кірген қытай көліктері неге ештеңе төлемейді?

Қазақстанда тіркелген автокөлік Қытай аумағына кірген кезде бір автокөлікке қатысты барлық рәсімдердің құны шамамен 8-9 мың юаньды құрайды. Бұл бүгінгі бағаммен шамамен 560 мың теңге.

by Jasyn
04/06/2026
in Топ
0
Қазақстанға кірген қытай көліктері неге ештеңе төлемейді?
0
SHARES
103
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Яғни Қытай тарапы шетелдік көліктерді бақылап қана қоймай, бұл рәсімдерден ресми кірістер қалыптастырған.

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжиметдинұлы премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм көлемі артып келе жатқанын, алайда шетелдік автокөліктерге қойылатын талаптарда айқын теңгерімсіздік қалыптасқанын көтерді.

Мәжілісменнің айтуынша Қазақстан аумағына кіретін шетелдік, оның ішінде Қытай көліктеріне қатысты рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілген. Көп жағдайда тек уақытша әкелу кеден рәсімімен шектеледі және ол тегін.

— Қазіргі мәліметтер бойынша, соңғы бір жыл және биылғы жылдың алғашқы төрт айының өзінде Қазақстан аумағына 8 мыңнан астам Қытай автокөлігі кірген. Осыған байланысты сұрақтар туындайды: неге Қазақстан уақытша тіркеу, уақытша нөмір және әкімшілік алымдар енгізбейді, шетелдік көліктерге қызмет көрсету, бақылау, ІТ-инфрақұрылым және әкімшілік рәсімдер үшін бюджеттен қанша шығын жұмсалады, неге Қазақстан бұл шығындарды іс жүзінде тегін көтеруі тиіс, ал басқа мемлекеттер мұндай рәсімдерден ресми табыс қалыптастырады? – дейді Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжиметдинұлы.

Егер Қазақстан да осындай тең тәсілді қолданса, онда тек осы көлемнің өзінен бюджетке және қызмет көрсетуші инфрақұрылымға шамамен 5 млрд теңге көлемінде қосымша түсім қалыптасуы мүмкін еді және шекара мен кеден қызметкерлерінің шығынын өтеуге мүмкіндік пайда болар еді.

Фото: Kursiv Media

Tags: айқын теңгерімсіздікқытай көліктеріШетелдік автокөліктер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысы жасанды жаңбыр жауғызуды қолға алмақ

АУА-РАЙЫНЫҢ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛУЫНА «ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Баланың дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі өте зор

Баланың дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі өте зор

2 года ago
Жаңашыл жастар табиғат тазалығына бей-жай қарамайды

Жаңашыл жастар табиғат тазалығына бей-жай қарамайды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In