• RU
Суббота, 11 апреля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

20 жыл еңбек еткен адамның жалақысы 200 мың теңге

Ауыл мен аудандағы мәдениет үйлерінде қызмет етіп, ұлт руханияты үшін өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың айлығы шайлығына жетпейді.

by Jasyn
09/04/2026
in Әлеумет
0
20 жыл еңбек еткен адамның жалақысы 200 мың теңге
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәдениет саласы қызметкерлерінің мардымсыз жалақысы туралы мәселе көтерді.

«Маған жеткен мың мысалдың біреуін тілге тиек етейін,  мәдениет үйінде 20 жыл еңбек еткен адамның 200 мың теңге көлемінде айлық алғанда ашынғаннан ащы даусы шыққаны заңдылық емес пе?! Сыйақы мен үстемақы атаулыдан қағылып қалады көбісі. Мұндай мысал мың.

Ауыл мен ауданға консерватория мен өнер академиясын тәмамдағандар неге бармайды деген жауыр болған сұрақтың жауабы осы деп білемін. Себебі жастар алдыңғы буын өнерпаздардың «шықпа жаным, шықпа» деген күйін көріп шалғайға шақырса да бармайды. Оларды жазғыруға болмайды, себебі әлеуметтік пакет жоқ. Қазір кей ауылдағы мәдениет үйлерінде өзі ұйымдастырушы, өзі режиссер, өзі сценарист, өзі жүргізуші, өзі көркемдік жетекші  болып жүрген жандар да бар екен. Өкінішті-ақ. Табысқа тәуелді тағы бір түйткіл, ауылдық мәдениет үйлеріндегі директорларға жұмыс өтілі де, санаты да саналмайды. Салдарынан олар қатардағы қызметкерлерден аз айлық алады. Жұмыс күні елмен бірге еңбек ететін мәдениет саласының қызметкерлері мереке күндері демалған халықтың көңілін көтеру үшін тағы қызмет етеді, өнер көрсетеді. Одан қашпайды да шығармашылық тұлғалар, тек тынымсыз еңбекке төленетін ақы да ақылға қонымды болса» дейді Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы.

Ал қаладағы мәдениет үйі қызметкерлерінің жалақысы тіптен титімдей. Себебі оларға ауылға қосылатын 25% үстеме қосылмайды екен.

Осыған байланысты халық қалаулысы мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғам дамуындағы айрықша еңбегін ескеріп олардың табысын тұрақты түрде арттыру тетігін қарастыруды ұсынды.

Фото: Massaget

Tags: мәдениет саласы қызметкерлерімәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысыНартай Сәрсенғалиев
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті

Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті

7 месяцев ago
Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді

Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In