Кеңеске қатысушылар еліміздің басты заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтарды қарастырып, су шаруашылығы саласына және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты нормаларды талқылауда. Конституциялық өзгерістердің құқықтық маңызы мен құжатта көзделген қағидаттарды іске асыру мәселелері түсіндірілуде. Ашық пікір алмасу жүргізіліп, мамандардың барлық сұрағына нақты жауаптар беріліп жатыр.

«Инженер-гидротехник ретінде жаңа Конституция жобасында біздің салаға қатысты көптеген норманы көріп отырмын. Мысалы, су қауіпсіздігін басымдық ретінде бекіту, инновацияларға, ғылым мен цифрландыруға баса мән берілуі. Біз, жас мамандар, бұл өзгерістерге белсенді қатысуға дайынбыз»,
– деді «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының инженер-гидротехнигі Дидар Ахметжанов.
«Жаңа Конституция жобасында тұрақты даму тұрғысынан қарастырылған экологиялық аспектілер қамтылған. Бұл жерде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының логикалық жалғасы айқын көрінеді. Әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Ата заң жобасы бойынша пікірін айту үшін референдумға қатысуы тиіс деп есептеймін»,
– деді «Қазсушар» РМК Қ. Сәтпаев атындағы канал филиалының жетекші инженер-гидротехнигі Светлана Жаркова.



