• RU
Пятница, 15 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін…

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар оқырмандар үшін үлкен мүмкіндік беретін арнайы аудиостудия ашылған болатын.

by Jasyn
12/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау
0
Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін…
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған аудиостудия мен тифлотехникалық құралдарға – 20, 0 миллион теңге бөлініп, игерілді. Кітапхана қызметкерлері зағип жандарды қоғамдық ортаға бейімдеп, өзін — өзі дамыту мен өзара кітап оқуға құлшынысын нығайтуға, сонымен қатар көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың мәдени демалысын, дүние танымын өзгерту мақсатында 15 жоба, 2 үйірме жұмыс жасап келеді.

«Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» тақырыбында Талас, Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандық өлкетану музейлерінде және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің музейінен экспозициялық бұрыш ашылды. 2025 жылы «Тифломузей жобасы» бойынша 8 іс-шара өткізіліп, 185 оқырман қамтылды. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарындағы тарихи өлкетану музейлеріндегі «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы 200-ден аса QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды. «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы – зағип жандарға қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғануы және төңіректегілерге жәрдем көрсетуге өзін-өзі дұрыс ұстауды төтенше жағдай кезінде қандай мекемеге дереу хабар беру керек екендігін үйретуге бағытталған жоба.

2025 жылы Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарының қатысумен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына «Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары» турасында дәріс, «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында ескертпе сағаты, «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне «Мұздағы қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару» атты сабағы өткізілді. Барлығы 3 іс-шара өткізіліп, 70 оқырман қамтылды. «Кenes time» жобасы – мүмкіндігі шектеулі зағип жандарды әртүрлі сала мамандарымен кездестіріп, сұхбаттастырып, ауқымды мәселелерді шешіп алуға әрі қоғамға бейімдеу мақсатында өте қолайлы жоба.

Бүгінгі күнге дейін Әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарының заңгер, оңалту, дағдарыс орталықтарының психолог, көз жанарын сақтауға офтольмолог дәрігерлерімен, жұмыспен қамту орталығының, банк бөлімшелері мамандарымен, жалпы 15 кездесу отырысы өткізіліп, 435 оқырман қамтылды.

«Үй тапсырмасы» жобасы аясында 2024 жылдан бері барлығы 12 іс-шара өткізіліп, 70 оқырман қамтылды. «Kitap time» оқырман клубы биыл Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы рухани құндылықтар тамырын жас жеткіншек санасына жеткізу мақсатында «Kitap Time» оқырман клубын ашты. Жалпы клубқа өлкеміздің майталмандары, қоғам белсенділері, кітап авторлары сонымен қатар жастар қосылды.

«Kitap Time» оқырман клубының алғашқы жиыны Deshti club  house коворкинг орталығында ұйымдастырылып, қаламгер Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаяты мен Ақберен Елгезектің бестселлер, оқырмандар қызыға оқыған, кітап желісімен киносы шыққан «Болмаған балалық шақ» хикаятын талқылады. Жазушының ғұмырына шолу жасалды. Барлығы 3 іс-шара ұйымдастырылып. 90 оқырман қамтылды, 3 кітап талқыланды.

«Балалардан балаларға» жобасы аясында кітапхана қоры 14 аудио кітаппен толығып, ватсап мессенджері арқылы 360 әдеби шығармалар дыбысталып, оқырмандарға жолданды. Нәтижесінде 12420 тыңдалым болды.

Фото: Кызылординские вести

Tags: «Kitap time» оқырман клубы«Тифломузей жобасы»14 аудио кітапаудиостудия мен тифлотехникалық құралдар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ынтымақтастық рухы — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Ынтымақтастық рухы -- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастардың бірлігін нығайтатын іс-шаралар көп болса…

Жастардың бірлігін нығайтатын іс-шаралар көп болса…

1 год ago
Қытайлық кәсіпкер Сарысуда жел және күн электр стансаларын салуға ниетті

Қытайлық кәсіпкер Сарысуда жел және күн электр стансаларын салуға ниетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In