• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

«Әрбір құрылыс халықтың күнделікті игілігі үшін жұмыс істеуі керек»

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясында қаржылық салаға қатысты екі маңызды мәселе қаралды.

by Jasyn
30/07/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
«Әрбір құрылыс халықтың күнделікті игілігі үшін жұмыс істеуі керек»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атап айтар болсақ, 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу туралы шешімдер қабылданды. Бұл мәселелер бойынша баяндамалар Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Сұлтанғалиұлы Мырзахметов және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек тарапынан ұсынылды.

Сессия барысында қаралған барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жалпы алғанда нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет қаржысы зор рөл атқарды. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Бұл орайда Сауран ауданында бюджет қаржысына бірнеше әлеуметтік нысандар салынып жатқанын айта кетуге болады.

Жақында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен Бабайқорған ауылдық округіне барып, бюджет қаржысына салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты. Алдымен Бабайқорған ауылында бой көтеріп жатқан мәдени клуб және кітапхана ғимаратының құрылысын аралады. Жоба бойынша нысанның жалпы ауданы 860,7 шаршы метрді құрайды. Нысан 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылысты «DAT Construction» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда нысанда ішкі қабырғалар қаланып, қабырға әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі Абай елді мекенінде орналасқан 300 орындық мектеп құрылысымен танысты. Нысан құрылысының жалпы ауданы – 2 676,82 шаршы метр. Мектеп ғимаратының құрылысы 2025 жылы басталып, 2026 жылдың тамызында аяқталады деп көзделген. Аудан әкімі нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына, жұмыс кестесінің сақталуына және мердігерлердің жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға құрылысты белгіленген мерзімде және сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі жолдарды орташа жөндеу және пайдалануға берілген көпір құрылысымен танысты.

Жүйнек ауылында жалпы ұзындығы 11,15 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабындысының қалыңдығы 5 сантиметр. Жөндеу жұмыстарын «Жайлау Агро» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Шекербұлақ елді мекеніндегі Балантас көшесінен Түркістан көшелеріне өтетін учаскеде орналасқан көпір ағымдағы жөндеуден өтті. Ұзындығы 14 метр, ені 4 метр болатын бұл көпірдің астына бетон блоктар орнатылды. Жөндеу жұмыстарын «Kaz Construction» ЖШС жүргізді.

Аудан әкімі аталған инфрақұрылым нысандарын аралау барысында жұмыс сапасы мен мерзімінде аяқталуын басты назарға алып, мердігер мекемелер мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

– Ауылдық елді мекендердің жол және көлік инфрақұрылымын жаңарту — тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды тетігі. Бұл жұмыстар бюджет қаржысына атқарылып жатқандықтан әрбір құрылыс халықтың күнделікті игілігі үшін жұмыс істеуі керек, — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: әлеуметтік нысандарбюджет қаржысықұрылысТүркістан облысы Сауран ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды

Инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстаннан декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті тоқтатылды

Қазақстаннан декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті тоқтатылды

12 месяцев ago
Қазақстанда баланы қойдың нәжісіне жуындырып емдемек болған ата-анаға іздеу салынды

Қазақстанда баланы қойдың нәжісіне жуындырып емдемек болған ата-анаға іздеу салынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In