Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша қозғалысы шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне жағдай жасау үшін 106 нысанға 101,1 млн. теңге бөлінді. 95 нысанды бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 145 нысан ішінара бейімделді.
Алайда, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиевтің айтуына қарағанда бүгінгі күнге 22 нысан бейімделмей отыр. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл ауданында — 12, Жуалыда — 2, Меркі — 3, Мойынқұм — 4, Сарысуда — 1 нысан.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан нысандардың бейімделуі бойынша ай сайын Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің берген ақпараттарының негізінде мониторинг жүргізіліп, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі туралы тиісті мекемелерге хаттар жолданған.
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Инватакси» қызметіне 275,4 млн. теңге қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 14 инватакси қызметі жұмыс атқарады. Сонымен қатар, 2300 жуық инватакси пайдаланушысы тіркеліп, оларға 32 автокөлікте қызмет көрсетілуде.
Жалпы облыс бойынша 14 инватакси қызметі, атап айтқанда Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Талас, Т. Рысқұлов, Сарысу, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарында 1 қызметтен, Тараз қаласында 4 қызмет, 13 арнайы жабдықталынған автокөліктер бар.
Осы жылы Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің 2025 жылғы 27 наурызындағы өкімімен мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып Даулетбаева Әйгерім Маратбекқызы тағайындалды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 17 медициналық-әлеуметтік мекемелерде, соның ішінде стационар жағдайында қабылдайтын 7 мекемеде (№1,2,3,7 орталықтар қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған, №5,6 орталықтар жүйке ауруымен ауыратындарға арналған және №4 кемтар балаларға арналған орталық) мемлекет қамқорлығына мүгедектігі бар 885 адам алынған, оның ішінде 1-ші топтағы – 204, 2-ші топтағы – 681 адам. Олар бекітілген стандартқа сәйкес 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылауда. Олар — әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы 10 орталықта (Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту және Жамбыл облыстық, Жамбыл облыстық филиалы (Аса ауылы) Қаратыстақ ауылдық, Меркі аудандық, Шу аудандық, Қордай аудандық, Талас аудандық, Сарысу аудандық мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтары және Аутизмі бар блаларды қолдау орталықтарында) 763 мүгедектігі бар адам (оның ішінде: 256-ересек, 507 бала) арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер жанындағы
10 бөлімшеде мамандары үйде қызмет көрсету жағдайында 786 мүгедектігі бар азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Фото: Dauletten.kz