Полицияға ұсақ мал өсірумен айналысатын осы шаруашылықтың басшысы арызбен жүгінді.
Ер адам белгісіз адамның оған тиесілі 16 қой мен қозыны жасырын ұрлап әкеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні анықтады. Заттай дәлелдемелерді тәркілеу шаралары жүргізілуде.
«Мал ұрлығының негізгі себебі — иесінің жайылымды ұйымдастырмағаны, малды түнде жайылымда қараусыз қалдыруы, таңбаламауы, ал мұндай жануардың ұрланғанын дәлелдеп, тану қиындай түседі. Көптеген мал иелері ұрлық жасаудың нақты уақытын көрсете алмайды, себебі өздері жайылымға апталап қараусыз қалдырып кетеді және ұрлық туралы біраз уақыт өткізіп алып хабарланады, нәтижесінде қылмыстарды ашу жұмысы күрделене түседі», — деді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Таникеев.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Сіздің малдарыңыздың сақталуына жауапкершілікпен қарауға, малды қараусыз жайылымға жібермеуге, сондай-ақ оның жоғалғаны анықталғаннан кейін бірден полицияға хабарлау қажеттігін еске салады. Өйткені, мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды дер кезінде хабарлау “ізін суытпай” ашуға мүмкіндік береді.
Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті