• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті?

«Тасқынның салдарын жою үшін Үкімет резервінен 46,9 млрд. теңге бөлінді. Одан бөлек әр облыстың бюджетінен де қомақты қаражат берілді. Сорақысы сол, 2024 жылы су тасқынының алдын алуға деп жергілікті бюджет бір мәрте қаржы бөледі, тасқыннан соң салдарын жоюға деп және қыруар қаражат алады бюджеттен. Заңды сұрақ туады, ендеше төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті, кім жауапты? Ел әлі осы сұрақтың жауабын талап етеді».

by Jasyn
26/02/2025
in Әлеумет
0
Төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті?
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев премьер-министрге осылай деп сауал жолдады.

Биылғы ахуал да мәз емес. Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 1223 елді-мекен су басу қаупі бар аймақта тұр. Қазірдің өзінде Ресейден еліміздің батыс өңіріне су жоспардағыдан
көп жіберіліп жатыр деген дерек бар.

«Былтыр су астында қалған аймақтардың әкімдіктерінен ресми ақпараттарды алдырдым, 2025 жылы төтенше жағдайдың алдын алуға қанша қаражат дайындап қойғанын айтайын, бұқара білсін.

Ақмола облысы 131,5 млн теңге, Ақтөбе облысы
848,7 млн теңге, БҚО 10,5 млрд теңге, Павлодар облысы
3,6 млрд теңгені бюджеттен қарастырған.

Әрі қарай, Абай әкімдігі 2025 жылы су тасқынының алдын алуға жергілікті бюджеттен 67 млн. теңге, Атырау облысы                 22,1 млрд теңге, Қарағанды облысы 6 млрд теңге, Қостанай облысы 916,2 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысы
2,5  млрд теңге дайындап қойған. Қаражат бар, бірақ ол тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуі шарт» дейді депутат.

Былтыр көзіміз жеткен тағы бір өзекті мәселе су өткелдері мен арықтардың тазаланбаған күйі жылдап жатқаны.
Тіпті кей аймақтарда өзендердің жайылмасы тұрғын үй алабына айналып кеткен. Былтырғы қателіктен сабақ алып аталған
су арналарын ашу қажет. Бұдан бөлек, еліміздегі
су қоймаларының көбі қараусыз қалған, біразы жекеменшікке берілген. Тиісінше тиісті күтім жоқ. Салдарынан гидрологиялық нысандардың тоз-тозы шыққан. Бұл проблеманың айтылғаны бүгін немесе кеше емес. Бірақ ескерту бар да, ескеру болмай тұр. Биыл да халық тасқыннан тентіреп кетпесін десек, аталған проблемаларды дереу шешу қажет.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Tags: су басу қаупі бар аймақтарТасқынның салдарыТөтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

4 года ago
Қазақстандық блогер Супермамаситаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстандық блогер Супермамаситаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In