• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбыл облысында 2025-2028 жылдары құны 3,1 трлн. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Онда барлығы 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. 2024 жылы құны 214 млрд. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске асырылып, 1,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.

by Jasyn
21/01/2025
in құқық, Топ
0
Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бизнесті қорғау бойынша өткен форумда айтты.

– Ел Президенті бизнесті қорғау жөніндегі жұмыстың басымдықтарын нақты айқындап, мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, олар мемлекеттік аппараттың шынайы тең құқылы серіктестері болуға тиіс, — деді облыс әкімі.

Кедергілер мен бюрократияны жою үшін инвесторларды қолдау орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.

Инвестициялық тартымдылықтың тағы бір факторы – инфрақұрылым. Индустриялық аймақтар дайын өндірістік алаңдарды ұсынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек өз баяндамасында егжей-тегжейлі айтып берді.

«Тараз» индустриалды аймағының аумағында 1,3 мың жұмыс орнын құру арқылы құны 137 млрд. теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтары 180 гектарға құрылды. Бұл субаймақтарда әр ауданның ерекшелігіне қарай орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылады.

«Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды (ауданы 40 мың шаршы метр). Кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30 пайызы броньдалды. Өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақ мерзімді жалға беріледі. Нысандар осы  жылдың 2 тоқсанынан бастап іске қосылады.

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істердің тіркелуі төрт есеге азайып, 21 инвестордың мәселесі шешілген.

Прокуратура органдары 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: бизнесті қорғауинфрақұрылымКәсіпкерлер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы ұсталды

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы ұсталды

3 года ago
Көпен Әмірбек: 65 жасымда ұлды болдым, бірақ бәйбішем мен тоқалымның арасы жақсы емес

Көпен Әмірбек: 65 жасымда ұлды болдым, бірақ бәйбішем мен тоқалымның арасы жақсы емес

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In