• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Таразда грант сатқан колледж директорына айыппұл салынды

Тараз қаласы №2 сотында колледжге грантта оқыту үшін пара алды деп айыпталған колледж директоры – сотталушы А.-ға және пара берді деп айыпталған сотталушы Ш.-ға қатысты қысқартылған тәртіппен қылмыстық іс қаралды.

by Jasyn
25/11/2024
in құқық, Топ
0
Таразда грант сатқан колледж директорына айыппұл салынды
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың қыркүйегінде колледж директоры өзінің қарамағындағы оқытушы — азаматша Ш.-дан «ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ұлын грантқа түсіру үшін 80 мың теңге көлемінде пара алған.

Сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлерімен сотталушы А.-ның кабинетінде жүргізілген тінту нәтижесінде ақ қағазға оралған 80 мың теңге табылып, оны сотталушы өз еркімен барсеткасынан шығарып, қызметкерлерге тапсырған.

Сотталушылар кінәлерін толық мойындады.

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни сотталушылардың, куәлердің айғақтарымен, тінту хаттамасымен, құпия тергеу құжаттарымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәлерін мойындауын, жасаған іс-әрекеттеріне шын жүректен өкінулерін, соттылықтың болмауын, жұмыс пен тұрғылықты жерлерінен жақсы мінезделуін және жас балаларының болуын таныды. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, А.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып,  параның 25 еселенген сомасы, яғни 2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Ш.-ға — мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып,  параның 15 еселенген сомасы, яғни 1,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Zakon.kz

Tags: грант сатуқылмыссыбайлас жемқорлықтараз
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда қызының кінәсі үшін әкесі жауапқа тартылды

Таразда қызының кінәсі үшін әкесі жауапқа тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

1 неделя ago
Министрлік «Желіге шолу» айдарында мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау мәселесіне қатысты түсініктеме берді

Министрлік «Желіге шолу» айдарында мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау мәселесіне қатысты түсініктеме берді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In