Нақтырақ айтсақ, қала әкімдігі тойдың ерте басталып, ерте аяқталуына әсер ету үшін арнайы сыйлық тағайындаған. Мұның алдында тойдың ерте басталуы, сондай-ақ ерте аяқталуы күн тәртібіндегі өзектегі мәселе ретінде қаралып, төрт тарапты меморандумға қол қойылған болатын.
Сол мақсатта Шу қаласындағы мейрамханаларды аралап ең ерте басталған тойға барып, той иесіне арнайы сыйлық табыстады. Шу қаласы әкімінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы арнайы құттықтауын сөзін айтып, тойды ерте бастауды әдетке енгізуді ұсынды. Өз кезегінде той иелері де алғыс білдірді.
Ағайын-туысқанды жинап, немересінің тұсаукесер қуанышын атап өтіп жатқан той иелеріне кіржуғыш машина сыйға берілді.
«Келесі сыйлық алар той сіздікі болуы бек мүмкін. Баршаңызды тойға ерте баруға, ерте бастауға шақырамыз!» дейді әкімдік қызметкерлері.
https://www.facebook.com/reel/571837725216284
Фото: Vlast.kz