• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Президенттік кадр резерві

Талантты жастар мемлекетті басқару саласына өте қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында түрлі шаралар іске асырылуда.

by Jasyn
11/11/2024
in • Президенттік кадр резерві
0
Талантты жастар мемлекетті басқару саласына өте қажет
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы тұста білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резерві және Өңірлік кадр резервінің маңызы зор болып тұр. Президенттік жастар кадрлық резерві — Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ететін инвестиция. Жаһанданудың сын-қатерлі жағдайында мемлекеттің өміршеңдігі мен ішкі-сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ететін мықты институт құра білу ел басшыларының алдындағы басты міндет болса керек. Ендеше осы біртұтас институтты құрайтын мықты мамандардың болуы – ең қажетті алғышарт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті, үміткерлерді қызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн» деген болатын. Белсенді жастар, студенттер және жас мемлекеттік қызметші мектебінің тыңдаушылары жастардың мемлекеттік қызметке келуін ынталандыру бойынша енгізілген бастамалардан толық хабардар екені анық. Содан болар Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен болған кездесулерге қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған жобаларға және жаңашылдықтарға қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын ортаға салады.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың 1 наурызынан бастау алған Өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижесімен Түркістан облысының Өңірлік кадр резервіне 30 кандидат алынған болатын. Резервті қалыптастырудың мақсаты — өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту, жастарды мемлекеттік басқару ісіне араластыру және білікті, білімді, жаңаша ойлайтын жастардың пулын қалыптастыру болып табылады. Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осы орайда, өңірімізде Өңірлік резервке алынғандарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындау басталды.

Атап айтқанда, Өңірлік кадр резервінің резервисті Төлеби ауданының Білім бөлімінде келісім-шарт негізінде іс-жүргізуші болып жұмыс жасаған Сания Турсынкызы Бекбосынова конкурстық іріктеусіз осы бөлімнің бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қабылданды. Сол сияқты екінші резервші — Нұргелді Нұржанұлы Амангелді Түлкібас ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы төменгі лауазымынан облыстағы Цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр түрлі жеке секторда қызмет етіп жүрген талантты жастардың мемлекетті басқару саласына қажет екенін білдірген болатын. Әрине, Президенттік жастар кадр резервін құрудың негізгі мақсаты да осы. Түрлі саладан талантты жастарды іріктеп, олардың мемлекеттік қызметте оңтайлы мансаптық өсу жолын қалап беретін, еліміздің дамуына өз үлесін қосуды қалайтын әрбір патриот жас маманға зор мүмкіндік ұсынып отыр.

«Мен сіздерге зор сенім артамын. Экономикада, мемлекеттік қызметте немесе басқа секторда жұмыс істеп жүрген жастарымызға қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Сіздер өмірдің базарына енді келген, ал біз қайтып бара жатқан адамдармыз. Бұл – қалыпты дүние. Уақыты келгенде, сіздерге жол береміз. Біз зейнетке шығамыз, орнымызға сіздердей жалынды жастар келеді. Бірақ сіздер туған елге, Отанға қызмет етуге дайын болуларыңыз қажет. Өйткені күрделі заманға тап келіп тұрмыз. Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз», – деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы өткен Президенттік жастар кадр резервінің форумында.

Ал жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру жұмыстары күн сайын жанданып келеді. Жақында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы А.Наурызбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттерімен кездесті.

Кездесуге қатысқан университеттің ректоры Ж.Темірбаева бүгінгі мемлекеттік қызметтің жастарға беретін оң мүмкіндіктерін айтып, «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі бойынша осыған дейін атқарылған шараларға тоқталды және осыған дейінгі тәжірибені айта келе аталған мектепке Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті тарапынан университеттің білікті, білімді жастар іріктелініп алынатынын сөзге тиек етті.

Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғары курс студенттерін аталған мектепке қатысуға шақырды.

Кездесуде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы А.Наурызбаев департамент жанынан құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне 2024-2025 жылғы оқу маусымы бойынша іріктеу жүргізілетінін, оған Университеттің жоғарғы курс студенттері арасынан іріктелінетінін айтып, мектепті құрудың мақсатын түсіндірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруді оңтайландыру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарды айтып ақпараттармен бөлісті. Соның ішінде, жастарға берілген мүмкіндіктер бойынша Президенттік жастар кадр резервіне және Өңірлік кадр резервіне іріктеу жайында айта келе, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын жақсы нәтижемен аяқтаған түлектердің бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатын мүмкіндіктерге тоқталды.

Бұдан басқа, Президенттің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша да кеңінен мағлұмат беріп, аталған тұжырымдамаға сәйкес алдағы уақыттағы мемлекеттік қызметтің дамуына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңы студенттерді қызықтырған сұрақ-жауаптармен жалғасып, ой-пікірлер тыңдалды.

Фото: Inbusiness.kz

Tags: • Президенттік кадр резервіҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекеттік аппаратМемлекеттік қызметшілерПрезиденттік жастарТалантты жастарТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар үшін басты мақсат – ел игілігі үшін қызмет ету

Жастар үшін басты мақсат – ел игілігі үшін қызмет ету

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Құдайдан сұрап алған балам»: Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

«Құдайдан сұрап алған балам»: Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

4 года ago
Индира Расылхан: Анам әкемнің жүкті әйелін үйге кіргізіп, көрегендік танытты

Индира Расылхан: Анам әкемнің жүкті әйелін үйге кіргізіп, көрегендік танытты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In