Мамыр айының 24-і күні қаладағы егесіз қалған ғимараттан жасы жиырмадан асқан жігіттің мәйіті табылды.
Кейін полиция Шымкент қаласының тұрғынын 9-сыныпты енді бітірген оқушы пышақтап өлтіргенін анықтаған. Күдікті Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің шәкірті.
Төлеби аудандық білім бөлімі бұл ақпаратты растап отыр. Алайда, облыстық полиция департаментінен әзірге ешқандай жауап берілген жоқ.
Фото: Zakon.kz



