Оның ішінде 13 қылмыс, яғни аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сақтаудың 4 дерегі (ҚР ҚК 297-бабы), аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаудың 5 дерегі (ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі), өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісі (ҚК 300-баптың 1-бөлігі), құрамында есірткі заттары бар есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 1 дерегі (ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігі) анықталды.
Полицейлер ҚР ҚК 296-бабының 1, 2, 3-бөліктері бойынша 2 қылмыстық теріс қылық (қоғамдық орындарда есірткі құралдарын медициналық емес тұтыну; есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау), ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылықты (дәрілік заттар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабының 1-бөлігі (есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша бұзушылықтарды анықтады. Облыс бойынша барлығы 25 дәріхана, 10 медициналық мекеме тексерілді.
— Жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілген 5 тәулікте барлығы 85 келі 234 гр. каннабис өсімдіктері, 538 гр. 500 мгр кептірілген марихуана, 8000 литр «күкірт қышқылы» прекурсорлары, 765 гр. «улы заттар» және дәрілік есірткінің 1960 ампуласы заңсыз айналымнан алынды, — деп хабарлады Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.