• RU
Среда, 1 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

Тұрғындар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау және уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор.

by Jasyn
01/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

-Өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау — біздің басты міндетіміз. Бұл бағытта ведомство тарапынан барлық қажетті профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, — дейді бұл жөнінде Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Мақұлбекқызы Еркінбекова.

Шынында жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың алдын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Ол маусымдық кезеңдегі ең өзекті қауіп-қатердің біріне тоқталып өтті.

«Конго қырым гемаррагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ол – аса қауіпті ошақтық вирустық инфекциялардың бірі. Аурудың ең басты тасымалдаушылары – экзот кенелері. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Конго қырым гемаррагиялық қызбасымен сырқаттанушылық елімізде жыл сайын тіркеледі. Республика бойынша жыл сайын орта есеппен 25-30 жағдай анықталады. Кенелердің белсенділігі жоғары кезеңде аурудың маусымдық ауқымының өсуі байқалуы мүмкін. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Эпидемиялық өңірлерде профилактикалық іс-шаралардың толық кешені жүзеге асып жатыр», – деді спикер.

Жалпы алғанда Түркістан облысында жұқпалы аурулардың алдын алу және халық денсаулығын қорғау мақсатында жоспарлы иммундау жұмыстары жүргізілуде.

«ҚР Ұлттық егу күнтізбесі аясында 21 инфекцияға қарсы профилактикалық екпелер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Екпе жұмыстары балалардың белгілі бір жас топтарын қамтиды. Сондай-ақ, кейбір инфекцияларға қарсы ересектер әр 10 жыл сайын қайта егілуі тиіс. Екпе алу — қызылша, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит, А вирусты гепатиті секілді қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Денсаулық сақтау мамандары ата-аналарды балаларын уақытылы екпе алуға шақырады. Жоспарлы егулер емханалар мен білім беру ұйымдарындағы медициналық кабинеттерде жыл бойы тегін жүргізіледі. Екпе жұмыстары — ата-аналардың немесе азаматтардың жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады» — дейді бұл туралы Түркістан облысының санитариялық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Бұл саладағы тағы бір жаңалық, Түркістан облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын цифрландыру мақсатында «e-sen» жүйесі енгізілген.

Нақтырақ айтатын болсақ, елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын цифрландыру мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау» ақпараттық жүйесі (e-SEN) енгізілді. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді

«Бұл жүйе санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауға, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға, бірыңғай деректерді қалыптастыруға және мониторинг жүргізу барысында еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен кәсіпкерлік нысандарын бірыңғай цифрлық платформада біріктіреді. Кәсіпкерлер үшін жеке кабинет қарастырылып, өзін-өзі бақылау құралдарын пайдалану, барлық хабарламалар, актілер мен нұсқамаларды электронды түрде алу мүмкіндігі жасалған. Сондай-ақ, тәуекелдерді бағалау негізінде автоматты түрде қалыптасып, бақылау жұмыстарының ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бүгінде жүйеде облыс бойынша 15 654 бақылаудағы нысан мен 7 922 кәсіпкерлік нысан қамтылған бірыңғай реестр қалыптастырылған. Ақпараттық жүйе арқылы нысандарға бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлерге ұсынымдар жолданады. Талдау нәтижесінде құқық бұзушылықтарды жою мақсатында 122 ұсыным берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандары өндірістік бақылау жөніндегі есептерін осы жүйе арқылы тапсырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүйеге өндірістік бақылау бойынша 122 есеп жүктелген» — деді спикер.

Фото: Zemelka

 

Tags: «e-sen» жүйесі енгізілгенсанитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Рақымшылық туралы заңға қанша адам ілігеді?

Рақымшылық туралы заңға қанша адам ілігеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сәкен Майғазиев Шымкенттегі қызметінен кетті

Сәкен Майғазиев Шымкенттегі қызметінен кетті

5 лет ago
Қарағанды облысы әкімінің кабинеті орналасқан дәліз бен дәретхананы жөндеуге 70 миллион теңге бөлінбек

Қарағанды облысы әкімінің кабинеті орналасқан дәліз бен дәретхананы жөндеуге 70 миллион теңге бөлінбек

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In