• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

2023 жылдың соңына дейін ауылдарға «Илон Масктің интернеті» келеді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
2023 жылдың соңына дейін ауылдарға «Илон Масктің интернеті» келеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы OneWeb, SpaceX және SES компаниялары Қазақстан нарығына спутник интернетін әкелуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында мәлім етті.

«Ел арасында «Илон Масктің интернеті» деп аталатын спутник интернеті неге қазақстандықтарға әлі қолжетімсіз?» деп сұрады журналистер.

Министрдің айтуынша, ол үшін әуелі Салық кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет.

«Мұны біз төмен орбиталы спутник топтары деп атаймыз. Осы технологияға қаржы құйып отырған бірнеше компания бар. Соның бірі – OneWeb компаниясы. Бұл ұйыммен пилоттық жобаны пысықтап жатырмыз. Сіз «Илон Масктің интернеті» деп отырған SpaceX компаниясының Starlink жобасы да бар. Сондай-ақ, SES деген Люксембург компаниясы осы технология бойынша интернет ұсына алады. Осы сияқты басқа да компаниялар бар. Олар да бұл нарыққа кіргісі келеді. Бұл мәселеде біз монополиядан аулақ болғымыз келеді. Яғни, Қазақстанның нарығын бірнеше операторға ашамыз. Қазір неге инфрақұрылымын салмайды дегенге келсек, қызметтің мұндай түрі үшін салық мөлшерлемесі өте жоғары. Өйткені бұрнағы жылдары Салық кодексінде радиожиіліктердің салық мөлшерлемесін бекіту кезінде мұндай технологиялардың келетіні ескерілмеген болатын. Сондықтан, норманы депутаттар қолдаса, биыл оны қабылдаймыз», — деді Бағдат Мусин.

Айтуынша, қазір аталған 3 оператор норманың қабылдануы күтіп отырған көірнеді.

«Салық кодексіне тиісті өзгерісті енгізсек, келесі жылдан бастап бұл операторлар нарығымызға кіріп, Қазақстанның 4 нүктесінде инфрақұрылым орната бастайды. Олар біздің елдің аумағында жұмыс істеуі үшін жер үстінде инфрақұрылым орнатылуы керек. Бірақ бұл бүкіл елге оптика тартылады деген сөз емес. Төрт базалық нүкте болады. Солар спутниктен интернет таратады», — деп түсіндірді ведомство басшысы. Сондай-ақ, Бағдат Мусин бұған дейін мұндай технологияның өніміне салық мөлшерлемесі белгіленбегенін айтты.

Егер ол мөлшерлеме нақты бекітілмесе, аталған шетелдік компаниялар нарыққа келмеуі мүмкін.

«Біз салық мөлшерлемесін енгізбесек, олар келмейді, келген күннің өзінде салық төлемейді. Сондықтан бизнестің жаңа түрі салық әкеліп, халыққа қызмет көрсетуі үшін жағдай жасаймыз. Аталған үш оператордың екеуі тестілеу режимінен өтті. Ал Starlink операторын тестілеудің қажеті жоқ. Өйткені әлемнің бірқатар аймағында өз технологиясын таратып отыр. Біз ол компанияға заңнамаға өзгеріс енгізген соң ақпарат береміз деп келіскенбіз. Содан кейін олар Қазақстан нарығына кіру жұмысын бастайды. Егер биыл депутаттар осы өзгерістерді қабылдаса, келесі жылы инфрақұрылым жүргізу басталады. Сонда келесі жылдың аяғына дейін халыққа спутник интернеті беріледі», — деді министр.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілуі мүмкін – министр

Жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілуі мүмкін – министр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

17 адамның айлығын алған: Аягөзде сарбаздар атынан несие рәсімдеген командир сотталды

17 адамның айлығын алған: Аягөзде сарбаздар атынан несие рәсімдеген командир сотталды

4 года ago
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In