Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігімен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
— Жол картасында 5 бағыт, 18 міндет және 103 көрсеткішке қол жеткізу карастырылған, оның ішінде 2025 жылы 78 көрсеткіштің орындалуы қарастырылған. Биылғы жылдың 6 айында оның 11-і орындалды, 5-і ішінара орындалған, 46-і орындалу үстінде, — деді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров «AMANAT» партиясы депутаттары фракциясының отырысында.
Атап айтатын болсақ, «Жаңа жұмыс орындарын құру» міндеті бойынша есепті кезеңде 12,8 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы аясында — 1 703, электронды еңбек биржасы арқылы — 486, әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру шеңберінде (гранттар) — 501, субсидияланатын жұмыс орындары – 10142.
Субсидияланатын жұмыс орындары — 10,1 мың. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары — 2,8 мың. Яғни, субсидияланатын жұмыс орындарына 10,1 мың, бос жұмыс орындарына 12,9 мың азамат жұмысқа орналасты, оның 4,2 мыңы жастар.
Одан бөлек, кәсіптік оқытуға 210 жұмыссыз жолданды.
Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 118,7 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылуда. Бұл дегеніміз 816 жұмыс орны.
Нақтырақ айтатын болсақ, «Алель Агро» АҚ — құс фабрикасы, «Kazchemtrading» ЖШС – цемент зауытының құрылысы, «Каратау Line» ЖШС — Жамбыл Недр «Әк өндірісі», «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС — теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі, «KazGeoEnergy» ЖШС – әк өндіретін зауыты, «Alit Holding» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех салу және «ЕвроХим-Каратау» ЖШС (1 кезең) — минералды тыңайтқыш өндірісі.
«Кәсіпкерлерді қолдау» міндеті бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 106,4 мың бірлікті құрап, жоспар 9,7 пайызға артық орындалды. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 166,3 мың адамды құрады.
— Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау аясында 2 міндет, 12 көрсеткіш қарастырылған, есепті кезеңде 2 көрсеткіш орындалды, 8-і орындалу үстінде, — дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров.
Сондай-ақ «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» міндеті аясында Жуалы ауданында «Отбасын қолдау орталығы» қызмет көрсетуде, Мойынқұм ауданында бүгінде орталықты ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Үстіміздегі жылы 92 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге 95,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінге, 84 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жастарды қолдау» міндеті аясында Тараз қаласы қоғамдық кеңеске 25 адам мүшелік етуде. Оның 2-і — 14-35 аралығындағы жастар.
«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту мақсатында 164 маманға тұрғын үй құрылысына және сатып алуға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге жеңілдетілген несие беру жоспарлануда.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы аясында Тараз қаласы мен аудандарда 78,5 млн.теңгеге 890 жас маусымдық жұмыстарға тартылған. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен 13 ұйым, 160 волонтерлік және бастамашыл топтар айналыcады.
Жыл басынан бері волонтерліктің 22 бағыты бойынша жалпы саны 466 іс-шара, оның ішінде Тараз қаласында — 139, ауданда — 327 өткізіліп, 13,5 мың жас, қалада – 9 209, аудандар – 4 325 жас қатысты.
Фото: Zakon.kz