Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша елімізде 5 122 577 адам референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған деректерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды. Өңірлер бойынша: Ақмола облысы – 41,31, Ақтөбе облысы – 41,14, Алматы облысы – 43,05, Атырау облысы – 37,33, Батыс Қазақстан облысы – 47,58, Жамбыл облысы – 55,15, Қарағанды облысы – 51,60, Қостанай облысы – 49,96, Қызылорда облысы – 48,73, Маңғыстау облысы – 36,02, Павлодар облысы – 51,17, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,25, Түркістан облысы – 46,69, Шығыс Қазақстан облысы – 48,86, Нұр-Сұлтан қаласы – 37,03, Алматы қаласы – 20,14, Шымкент қаласы 44,61 пайыз», — деді Шавхат Өтемісов.
Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі дерек сағат 14.00-де ұсынады.
Айта кетейік, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдумға электораттың 28,59 пайызы келген болатын.