Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарған жылдар жеңілдікті шарттар бойынша 1 жылға 1,5 жыл ретінде есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын негізгі талаптардың қатарында білім деңгейі, жас мөлшері, әскери қызмет өткеруі немесе әскери даярлықтан өтуі, сондай-ақ бой өлшеміне қойылатын талаптар бар. Үміткерлердің жасы 35 жастан аспауы тиіс.
Конкурс аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелерде мынадай бос лауазымдарға орналасу ұсынылады:
* департамент штабының кезекші бөлімінің ғимараттарды қорғау жөніндегі бақылаушысы;
* №59 мекемесінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитарлық дәрігері;
* Талас аудандық пробация қызметінің инспекторы;
* №59 мекемесі режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы;
* №58 және №59 мекемелерінің режим бөлімінің (аға) бақылаушылары;
* №58 мекемесінің жедел бөлімінің есеп жүргізу технигі;
* №67 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің есеп жүргізу техниктері;
* №67 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушылары;
* №25, №26, №58 және №59 мекемелерінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушылары;
* №26 және №59 мекемелерінің бақылаушылық қызмет бөлімінің (аға) бақылаушылары.
Жалпы конкурс бойынша бірнеше бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Лауазымдарға байланысты жалақы мөлшері еңбек өтіліне қарай 153 887 теңгеден 204 403 теңгеге дейін белгіленген.
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет – заңдылықты қамтамасыз етуге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және сотталғандар мен қамаудағы адамдарға қатысты заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты мемлекеттік қызмет.
Қызметке қабылданған азаматтарға кәсіби өсуге, тәжірибе жинақтауға және тұрақты қызмет атқаруға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 147А.
Анықтама телефоны:
8 (7262) 45-11-82.
Толық ақпарат: duis.zhambyl.kz
Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар қатыса алады.
Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге ниетті, талаптарға сәйкес келетін азаматтарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.


