«Қазір тредсте мына оқиға қатты шу боп жатыр. Бір аноним қолданушы әскерде жүргенде жыныстық қысым көргенін жазған. Қазір бәрінен қорқып жүргенін, қудалауға ұшырауы мүмкін екенін де қосыпты. Командирінен жыныстық зәбір көргендіктен, шын аты-жөнін жасыруға тура келіп отырғанын да ескерткен. Жазбаның соңында елден қаржылай көмек сұрап, банк реквизиттерін қалдырған…
Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, жұрт қатты алаңдап қалады. Біршама халық сөзге сеніп, ақша аудару басталған…
Алайда, полиция тексерісі барысында көрсетілген есепшоттың 17 жастағы студентке тиесілі екені анықталды. Белгілі болғандай, студент өзінен жасы үлкен танысы өтінген соң, банк деректерін бере салған.
Нәтижесінде екі күннің ішінде шотқа жүзден астам аударым түсіп, әжептеуір қаражат жиналған» дейді журналист.
Көп ұзамай жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық ұсталды. Тергеу барысында оның әскерде мүлде қызмет етпегені және оқиғаны ойдан шығарып, ақша жинау үшін жариялағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Фото: GOV.KZ



