• RU
Четверг, 17 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жұмыспен қамту

Жұмыссыздар саны 26 152 адамды құрады

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жамбыл облысындағы жұмыссыздар саны 26 152 адамды құрады. Сондай-ақ облыста мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында мекемелерге 101 адамды квота бойынша жұмыспен қамту бекітіліп, 28 адам жұмыспен қамтылған.

by Jasyn
16/06/2025
in • Жұмыспен қамту
0
Жұмыссыздар саны 26 152 адамды құрады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушіге 55 жұмыс орны қарастырылып, 35 азамат жұмысқа орналастырылған.

Тағы бір айтары, облыстағы Еурохим, Таласинвест, Қазпромтемір, Korcem, Қазсода сияқты ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру бағытымен жалпы 442 жұмыс беруші мекемелермен меморандумдар жасалды. Сондай-ақ биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына байланысты 130-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесін және 100 мекемеде ашық есік күндерін өткізу жоспарланып, облыс бойынша колледждер базасында 89 кәсіпорын, оның ішінде 45 орта бизнес өкілдерінің қатысуымен барлығы 30 ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне барлығы 2040 адам, оның ішінде 405 мектеп оқушыларының қатысуымен, техникалық және кәсіптік білім қатысушыларымен 515, жоғары оқу орындары білімгерлерінің қатысуымен 194 және басқа да 266 кездесу өтті. Сонымен қатар 3 экскурсия, 10 семинар, 12 дөңгелек үстел, 3 шеберлік-класы және тағы сол секілді 7 іс-шара жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтарға арналған 810 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, жыл басынан бері 530 адам жолданды. Жалақының 30 айлық есептік көрсеткіші мемлекет тарапынан төленеді.

18 бен 35 жас аралығындағы және диплом алғанына 5 жылдан аспаған мамандығы бойынша жұмыс жасамаған жұмыссыз азаматтарға арналған 2383 азаматты жастар практикасына жолдау жоспарланып, оған 775 адам жолданды, яғни жылдық жоспар 32,5 пайызға орындалды. Арнайы мамандығы жоқ және ешқандай біліктілікті талап етпейтін 8816 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, бүгінде 8732 адам тартылды. 18 бен 35 жас аралығындағы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтарға арналған 587 адамды алғашқы жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінге дейін 105 адам тартылды, жалақысы 103 мың теңге.

50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған 1245 адамды «Күміс жас» жобасына жолдау жоспарланып, бұл бағыт бойынша 1083 адам жолданды. Облыс бойынша 826 жұмыс беруші тараптардан 1480 жұмыс орнына сұраныс туындауда. Бұл ретте аталған сұраныс бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп, яғни еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес, биылғы жылы 1315 адамға кәсіптік білім беріп, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша кәсіптік оқыту курстарында 1315 адамды оқыту үшін 412,7 миллион теңге қаралды. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 980 адам оқыту жоспарланып, оған 203 адам оқыту курстарына жолданды. Жұмыс берушілердің жұмыс орнында 335 адам оқытуға жоспарланып, оған маусым айында жолданады. Оқу аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу міндеттемесінен бас тартатындар болса, оқудан шығарылады және білім алушы тұрақты жұмысқа орналаспаған жағдайда келісімшарт талаптарын бұзу дерегі бойынша толық оқу шығыны қайтарылатын болады. Оқу оқыған жұмыссыздарға 43574 теңге шәкіртақы және 15728 теңге жол жүру ақысы қаралған.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 192 жоба, оның ішінде 2732 жұмыс орны бекітілген. Осы айда электронды еңбек биржасында облыс бойынша 34 жоба енгізіліп, 161 жұмыс орындары ашылған. 60 мердігер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындарының саны 298 бірлікті құраса, оларға 161 адам жұмысқа орналастырылыпты. Жұмысқа орналасқан 161 адамның 34-іне зейнетақы жарналары аударылған.

Фото: Өскен өңір

Tags: бос жұмыс орындарыЖамбыл облысыПробация қызметіэлектронды еңбек биржасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бір әкімнің бастаған жұмысын екінші әкім жалғастырғысы келмейді

Бір әкімнің бастаған жұмысын екінші әкім жалғастырғысы келмейді

1 год ago
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды

6-қазан күні АЭС-тің тағдыры анықталады

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In