Депутат Қазақстанда дуальды білім беру үлгісін енгізу әрекеті қазірдің өзінде жасалып, белгілі бір заңнамалық база жасалғанын жеткізді. Алайда бұл бағыт толықтай іске асқан жоқ. Оның себебі – жұмыс берушілердің, колледждердің және мемлекеттік органдардың тапсырманы өзінше түсініп, тиімділігінің болмауына алып келді. Сенатор Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде қазіргі уақытта білікті жұмысшы кадрлар тапшы болып отырғанын мысалға келтірді. Бұл білім беру мен колледждерге қабылдауға мемлекеттік шығындардың ұлғаюына қарамастан орын алып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде машина жасау мамандығы бойынша жыл сайын 274 колледж 11 мыңнан астам маман даярлап шығарады және оған жылына 5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Алайда, оқушылардың тек 20%-ы өндіріске келді, бірақ көптеген жұмыс берушілер олардың дайындығына риза емес.
«Үкіметке техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды, оны оқу орындары қызметінің нәтижесі мен жұмыс берушілерді практикалық оқыту процесіне тартуға бағдарлауды ұсынамыз. Оқу-ағарту, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары әкімдіктерінің, Қазақстан машина жасаушылар одағы мен сарапшылардың қатысуымен дуалды оқыту бойынша 3 пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылуы керек. Одан басқа, олардың нәтижелерін талдау негізінде нормативтік құқықтық актілерді, оқу бағдарламаларын жетілдіру және пилоттық жобалардың нәтижелерін республикалық деңгейде көбейту жөнінде ұсыныстар дайындау керек», — деді Евгений Больгерт.
Фото: Егемен Қазақстан