• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді

Мемлекет ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар балаларды жан-жақты қолдау шараларын енгізуі керек. Сенатор Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында осы дертті емдеу және оңалтуда балалар тап болатын проблемалар туралы айтты.

by Jasyn
03/06/2024
in Қоғам
0
Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді. Бұл балаларға перинаталдық диагностика және алғашқы хирургиялық көмек бағдарламалары бар, олар дүниеге келгеннен кейін бірден қажетті көмек көрсетіледі. Алайда, стандартты мемлекеттік қызметте одан әрі пластикалық операция мен түзету бағдарламалары қарастырылмаған. Қалыптан тыс және хирургиялық қарадүрсін әрекеттің салдарынан балалар бет әлпетінің тым өзгеруі, тіс қатарының ақауы мен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалады. Бұл өзін-өзі төмен бағалауға, қарым-қатынастың қиындауына, сергелдеңге салыну мен сүлесоқ болуға әкеледі, олардың психологиялық дамуы мен оқу үлгеріміне теріс әсер етеді.

«Патологияны түзетуге болады, толықтай емдеуге және әлеуметтік ортаға тартуға барлық мүмкіндік бар. Оны толық емдеуге және әлеуметпен араласуға барлық мүмкіндік бар. Бұл жерде кешенді, үйлестірілген пластикалық, ортодонтиялық және логопедиялық көмек есейген кезде керек. Бірақ жоғарыда аталған көмектің барлық көлемі мемлекеттік бағдарламаларда көзделмеген, қымбат қызметтер санатына жатады. Мысалы, сүйек-шеміршек немесе ринопластика 1 млн теңгеден және одан жоғары, ортодонтия брекеті 300 мың теңгеден, логопедтің қызметі сағатына 5000 теңгеден басталады. Қаржылық мүмкіндігі шектеулі отбасыларды немесе жетім балаларды айтпағанда, әрбір орташа отбасы мұндай шығынды көтере алмайды», — деді Жанна Асанова.

Сенатор ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар балалар мен жастарға эстетикалық пластикалық хирургия және одан кейінгі оңалту бағдарламаларын енгізуді, қаржыландырылатын күрделі ортодонтиялық жақ түзету бағдарламаларын әзірлеу мен білікті және тегін логопедиялық қолдау бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Мұндай аурумен ауыратын балалар мен олардың отбасыларын психологиялық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасына уақытылы кәсіби қолдау көрсетуге арналған патология туралы материалдарды енгізу маңызды болып отыр.

 

Tags: ерні мен таңдайында туа біткен жырығыПатологияСенатор Жанна Асановаэстетикалық пластикалық хирургия
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тұрмыстық зорлыққа қай жастағы әйелдер көбірек ұшырайды?

Тұрмыстық зорлыққа қай жастағы әйелдер көбірек ұшырайды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда шамамен 18,8 млн тонна астық бар

Қазақстанда шамамен 18,8 млн тонна астық бар

4 года ago
ЖЕТІСУДА КИІК МҮЙІЗДЕРІН АЛЫП КЕТУДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

ЖЕТІСУДА КИІК МҮЙІЗДЕРІН АЛЫП КЕТУДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In