• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Салалық журналистиканы дамыту және қолдау

Журналистика бойынша жобаларды басқару Еуразия ұлттық университетіне берілді

Еліміздегі маңдайалды оқу орны саналатын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі, газет, журнал басылымдары, интернет-журналистика саласына жоғары білікті мамандар даярлау ісіне толымды үлес қосып келеді.

by Jasyn
11/07/2024
in • Салалық журналистиканы дамыту және қолдау
0
Журналистика бойынша жобаларды басқару Еуразия ұлттық университетіне берілді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Содан болар Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша жобаларды басқару тобына жетекшілікті етуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілді.

— Мұның екі себебі бар, — дейді бұл жөнінде университеттің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ. — Әрине, еліміздің жетекші БАҚ-тардың Астанада шоғырлануы мен олармен тығыз байланыста дамуымыз бірінші артықшылығымыз болса, екіншіден – білім ордамыздың жеткен жетістіктерінің қомақтылығы. Факультетімізде «Қазақстан» телерадио корпорациясы» мен «Хабар» агенттігінің арнайы аудиторияларының ашылуы, ҚР Президенті телерадио кешені сыйлаған оқу телестудиясының жұмыс істеп тұруы, «Қазақ» радиосы  сыйға тартқан радиостудия мен «Айқын» газеті жабдықтап берген арнайы аудиторияның және жақында Қазақ футбол федерациясының көмегімен ашылған Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Спорт журналистикасы» аудиториясының  білім алушыларымызға қызмет етіп тұруы – жетістігіміздің бір парасы. Біз заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман даярлау ісіне әрдайым маңыз беріп келеміз. Жаңадан ашып, елімізде алғаш жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары (БББ) – соның нақты дәлелі. Айталық, «Цифрлы медианы басқару» елімізде теңдесі жоқ білім бағдарламасы  десек, артық айтқандық болмайды. Оны университетіміздің Ақпараттық технология факультетінің IT мамандары мен Сәулет және құрылыс факультетінің дизайнер профессор-оқытушылар құрамымен бірігіп жүзеге асырудамыз. Нәтижесінде елімізде цифрлы медианы дамытатын шәкірттер шығарудамыз. Бітіруші түлектерімізді жұмыс берушілер аяғын жерге тигізбей қызметке алып жатқанының сыры сонда. Бұдан бөлек алғаш рет спорт журналистерін арнайы білім беру бағдарламасымен оқытып жатқанымызды, «Медиа өнері» БББ бойынша телевизия мен кино индустриясына продюсерлер мен сценаристер және режиссерлер дайындауды қолға алғанымызды сала мамандары қуана құптап, зор жетістік деп қабылдауда.

Қайрат Сақ сондай-ақ отандық БАҚ-тың өткені мен бүгіні, жалпы салалық журналистиканы дамыту және қолдау төңірегінде өз ойын былай түйіндейді.

— Алаш зиялыларының дүрбісімен қарасам, бүгінгі отандық БАҚ-тың тыныс-тіршілігіне көңілім толмайды, — дейді Қайрат Өмірбайұлы. — Халықтың «көзі, құлағы һәм тілі» қызметін толық атқара алмай отыр деп санаймын. Соның салдарынан аудиториясынан айырылып жатқан жайы бар. Газет-журнал оқитындар мен радио тыңдап, телеарналарды көретіндердің саны жылдан-жылға азайып бара жатыр. Оның себебін зерттеп жатпай, кінәнің бәрін оқырман, тыңдарман, көрерменге итере салу байқалады. Меніңше, кінәні басқа жақтан іздеуіміз керек сияқты. Шетелдің алпауыт трансұлттық медиа компаниялары аудитория сұранысын, қабылдау ерекшеліктері мен әсер ету тетіктерін зерттеп, зерделейтін, содан қорытынды шығарып отыратын арнайы ғылыми-зерттеу топтарын құрылымдық бөлімдері етіп ұстап, қаржыландыруын шешумен бірге құзыреттіліктерін нақтылап алған. Ал бізде аудиториясын зерттеп отырған бір БАҚ жоқ. Аудиториясы жоқ болса да, ешкім оқып, тыңдап, көрмесе де, құрылтайшы қаражатын шашып-төгіп шығып жатқан газет-журнал, радио, телеарналар бар. Мекемелер жаздырып қойғандықтан бума-бума болып келіп, ашылмаған күйінде макалатураға кетіп жатқан газеттерді көргенде осыларды шығаруға кеткен шығындардың обалы кімге деп ойлайсың. Құдды бір шіріген бай ел секілдіміз. Миллиардтаған қаражатпен шығарылып жатқан  билік пен байлық иелері туралы кітаптар мен басылымдырдың, деректі фильмдердің аудиториясы жоқтықтан архивтерге тоғытылып жатқанын көргенде жаның ашиды. Оның орнына елдің сана-сезімін, халықтың білімі мен тәрбиесін,  мәдениетін өсіретін туындылар жасалса ғой, шіркін деп ойлайсың. Қазір бізде БАҚ емес, ТАҚ (топтық ақпарат құралы) болу үрдісі белең алуда деп те жаздық. Үлгіні алыстан емес, «Қазақ» газетінен алайық, сол секілді халықтың көзі, құлағы һәм тілі болатын БАҚ жасайық деп тұжырым жасадық 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғаған кезімізде. Құлаққа ілген билік болған жоқ. «Еститін үкімет» деп жаңа Қазақстан құрып жатырмыз ғой. Бәлкім, енді еститін шығар үнімізді. «Ештен кеш жақсы» дейді қазақ даналығы.

Журналистика – мәртебелі мамандық. Халықтың көзі, құлағы һәм тілі болу – журналистің басты міндеті. Бірінші орынға ел мүддесін қойып, жеке мүддесін кейінге ысыратын жан ғана нағыз журналист бола алады. Қазақ журналистикасының бастауында тұрған Алаш зиялыларының отандық журналистика тарихында қалдырған сара жолы сол. Олар жеке мүдделерін ойлаған болса, бойларындағы тума талант, білім мен біліктерінің арқасында байлыққа малынып, шалқып өмір сүріп, ұзақ жасаған болар еді. Бірақ оған бармады. Халық қамын бірінші орынға қойды. Қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындарын терең түсініп, қазақ қоғамын дерттен  айықтырып, бодандық қамытынан құтқаруға  бар күштерін салды. Қаймана қазағымен бірге болып, отарлық езгісінен құтқару күресінде жан пида болды. Дүниеге алданбай, халық жүрегінен орын алуға өмірлерін арнады.

Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 12 жыл, оның ішінде 8 жыл кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, 2008 жылдан бері арнайы шақырумен Астанадағы маңдай алды жоғары оқу орнына айналған атақты түркітанушы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етіп келемін. Осында журналистика және саясаттану факультетінің ашылуына ұйытқы болып, 13 жылдан асты декан қызметіндемін. Келесі жылы 15 жылдық мерейлі межені атап өтетін факультетіміз аз уақытта биік белестерді бағындырып, қысқа мерзімде журналист мамандар даярлауда республикадағы бірегей орталыққа айналғанын басқа жоғары оқу орындарындағы әріптестеріміз мойындайды.

 

Tags: «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша жобаларЖурналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат СақЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіСалалық журналистикаСпорт журналистикасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Семей орманы» филиалының директоры ұсталды

"Семей орманы" филиалының директоры ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бразилия «қара жәшіктегі» жазбаларды оқуды аяқтады

Бразилия «қара жәшіктегі» жазбаларды оқуды аяқтады

4 месяца ago
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті

Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In