• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау

Журналистика – адамды жалықтырмайды

Журналистер ел ішінде жиі болып, халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын мамандық иелері. Ендеше отандық БАҚ елдің тыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізуде, халықтың шынайы өмірін көрсетуде қаншалықты белсенді, қаншалықты әділ? Осы бағытта қандай жобалар қолға алынды? Біз жалпы отандық журналистиканың қаншалықты өркендеп келе жатқаны туралы Түркістан облысының «Үздік журналисі», «Ақпарат саласының үздігі», ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасынының иегері, «Хабар» және «Хабар24» телеарнасының меншікті тілшісі Жандос Жұмабекпен сұхбаттасқан едік.

by Jasyn
12/11/2024
in • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау
0
Журналистика – адамды жалықтырмайды
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Ең алдымен еңбек жолыңыздың қашан, қалай басталғанын айтып өтсеңіз.

– Мен 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірдім. Сол жылы алғашқы еңбек жолымды Алматыдағы республикалық «Айгөлек» балалар журналынан бастадым. Қазақтың қайсар қызы Қымбат Әбілданың қол астында 3 жылдай еңбек етіп, шыңдалып, аталған балалар басылымында жауапты хатшы қызметін атқардым. Одан кейін 2007 жылы «Қазақ радиосына» ауыстым. Ол жерде жазушы Құлтөлеу Мұқаштың жетекшілігімен «Аламан» пікір-сайыс клубын ұйымдастырып, түрлі тақырыптарды қозғадық. Одан кейін «Шалқар» радиосында, «Қайырлы таң, қазақ елі» редакциясының ақпарат бөлімінде істедім. Ал 2011 жылы Астанаға қоныс аударып, «Хабар» Агенттігінің бағдарламалар бөліміне жұмысқа кірдім. Ол кезде Серік Аббас-Шах ағамыз бас продюсер болатын. «Тараз» деген бағдарламада 1 жылдай істеп, 2012 жылы белігілі тележурналист Еркін Байғабылдың шақыруымен жаңалықтар бөліміне ауыстым.

Кейінірек «24кз» телеарнасы ашылды. Телеарна әр облыстан өзінің аймақтық қосындарын ашқан кезде, сол аймақтардың тілшілерімен тікелей жұмыс істейтін редактор болып бекітіліп, 5 жылдай қызмет атқардым. Жалпы кәсіби тілшілік жолымда «24кз» телеарнасының әсері мол болды. Себебі елдің болашағына қатысты түрлі саяси оқиғалар мен алқалы жиындар, халықаралық және ғаламдық мәселелерді қозғаған форумдар менің саяси көзқарасымның қалыптасуына ықпал етті.

Одан кейін 2018 жылы «Хабар» Агенттігінің сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісінің орны босап, сол қызметке ауыстым. Сол жылы 3 айдан кейін Түркістан облысының құрылуы туралы Жарлық шықты. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бөлек-бөлек журналистер қосынын ұстайтын болды. Міне, сол кезде менің алдымда таңдау тұрды. Мен бірден Түркістан облысын таңдадым. Өйткені ол жаңадан құрылып жатқан облыспен бірге жасағым келді. Сондықтан 2018 жылы 13 тамызда Түркістан қаласына көшіп келіп, содан бері Түркістан облысындағы «Хабар» және «Хабар24» телеарнасының меншікті тілшісі қызметін атқарып келе жатырмын.

– Қаламын қару қып ұстап, ақпарат майданына қойып кету бәріне бірдей оңайға соқпасы анық. Журналистиканың басқа салалардан ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз.

– Әрине, журналистика – басқа сала, мамандықтардан өте ерекше деп айтуға болады. Өйткені оның өзіндік және әлеуметтік жауапкершілігі бар. Қолға қалам алып, халықтың, елдің тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын билікке жеткізуші болып табыламыз ғой. Бұқара менен билік арасындағы алтын көпір болғаннан кейін бізге артылатын жауапкершіліктің өте үлкен болуы заңды да. Біз оны сезінеміз. Әрбір жазған, жасаған материалымыздың астарында халықтың немесе белгілі бір азаматтардың жанайқайы, мұң-мұқтажы, шешілмей жатқан мәселесі жатады. Бұл елдің, халықтың аманаты болғандықтан, оған барынша адалдық танытып қана жұмыс істеу керек.

Тағы бір ерекшелігі журналистика – адамды жалықтырмайды. Бір күні медицина саласы туралы сюжет түсіретін болсақ, келесі жолы өзге бір сала бойынша түсірілім жасаймыз. Бұл журналистің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, кемелденуіне орасан үлес қосады.

– Журналистердің ел басына күн туған кездерде де төтенше жағдай қызметкерлерімен бірдей қарбалас жұмысқа кірісетінін білеміз…

– Иә, 2019 жылы Арыс қаласындағы әскери қоймада жойқын жарылыс болып, төтенше жағдай жарияланды ғой. Сол кезде біз Арыстан апта бойы, әр 2 сағат сайын күніне 7-8 мәрте тікелей эфирге шығып жаңалық тараттық. Күн аптап ыстық. Дәл сондай жиілікпен брифинг болып жатады. Астанадан, министрліктен, төтенше жағдайлықтар мен депутаттар, Үкімет мүшелері келіп біздің «24кз» телеарнасының тікелей эфирімен брифинг өткізеді. Артынша біз қайтадан жаңалыққа шығамыз. Бастапқы кезде камера алдында сөйлер сөзімізді ноутбукке теріп дайындалатын едік. Кейін үлгермей, мәтін теруге мүмкіндік болмай кетті. Сонда брифингте қандай маңызды, өзекті дүние айтылып жатқанын тыңдап тұрамыз да, біткесін, өзімізге керекті шнурларды тоқ көздерін суырып алып, стендап түсіретін жерімізге апарып, жалғап жүреміз. Мәтінімізді жазып дайындалмаған соң, не естіп, не білгенімізді импровизациямен бірден камера алдында, тікелей эфирде баяндай бердік. Алайда мұндай қарбалас жұмыс жүйкеге едәуір салмақ салғанын да жасырмаймын. Себебі таң қылаң бергеннен, түнге дейін үздіксіз тікелей эфирге шығудың артында қаншама адамның еңбегі жатады. Дегенмен төтенше жағдай жайында хабар таратқан еңбегіміз еленіп, сол жылы  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған едік.

– Түркістан облысындағы шығармашылық орта жайлы айта кетсеңіз. Түркістан «Рухани астана» атауына сай деңгейге жете алды ма?

– Қашанда Түркістан топырағы таланттар мен дарындарға бай. Біз барғанда рухани шаһарда «Түркістан» қалалық газеті мен «Тұран тв» телеарнасы ауданның жаңалығын үздіксіз таратып жатты. Жүз жылдық тарихы бар басылымның жылнамасына қарасақ, онда әр жылдары осы өңірден шыққан қаламы қуатты қаламгерлер мен ұстанымы тұрақты тілшілер еңбек етіпті. Сол соқпақ үзілген жоқ, бүгінде ұлағатты үрдіске айналды. Қазір талантты жастар шоғыры қалыптасып, қара шаңырақ басылымды жаңа белеске көтерді. Бүгінде белгілі журналист, білікті редактор Мәлік Алмахан басқаратын ұжымнан бірнеше баспасөз хатшысы мен телеарна тілшілері шықты. Ал жаңадан ашылған «Түркістан» телеарнасы қазір облыстық деңгейден республикалық бағытқа қадам басты. Мұнда Астана мен Алматыдан, өзге де өңірлерден келген кәсіби мамандар жемісті еңбек етуде. Республикалық арналарда әбден ысылған сақа журналистер жастардың тұсауын кесіп, тәрбиелеп жатыр. Бүгінгі күні «Түркістан» телеарнасында озық ойлы, медиа саласын жақсы меңгерген жас буын қалыптасып, жетілуде. Қазір «Рухани астана» еліміздің әр аймағынан жиналған шығармашыл жастардың орталығына айналып келеді.

– Түркістанның медиа саласы Ұлттық журналистикаға не беріп жатыр, не бере алады?

– Қазір бүкіл Қазақстан Түркістан өңірінің жаңалығымен тыныстап жатыр десек болады. Мысалы, қай сайтты ашып қалсаңыз да, телеарнаны қосып қалсаңыз да, Түркістан облысы туралы ақпарат бірінші шығады. Оны жоққа шығара алмайсыз. Мейлі ол жағымды болсын, жағымсыз жаңалық болсын. Журналистиканың қара қазаны қайнап жатыр. Топырағы құнарлы, рухани кемелденген киелі өңірде сөз түсінетін, сөздің киесін ұғатын қалам ұстаған жастар қазір де жетерлік. Мәселен, жас ақын Еламан Төлеутай, Рыскүл Досжан, Арқалық Әмәлиятұлы, Бауыржан Ерман, Мұқағали Кенжетайұлы сияқты талантты өрендер қазақ руханиятына олжа салады деп сенемін. Жалпы ұлттық журналистиканың дамуына өз үлесін қосып, жемісті еңбек етіп жатқан аға-әпкелеріміз, іні-қарындастарымыз аз емес. Республикалық маңдайалды телеарналар мен газет-журнал, сайттарда жұмыс істейтін қызметкерлерінің 20-30 пайызы біздің өңірдің түлектеріне тиесілі.

Әңгімелескен — Сезім МЕРГЕНБАЙ

 

Tags: «Ақпарат саласының үздігі»Жандос ЖұмабекОтандық БАҚ және салалық журналистикаТүркістан облысының «Үздік журналисі»
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жас мұғалімдер жарысқа түсті

Жас мұғалімдер жарысқа түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

3 года ago
Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In