• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс

Өз халқының тарихын білмеу – қасірет! Алайда одан өткен қасірет бар, ол – тарихты жаңылыс білу. Бұл кезде халық өз тарихын бұрмаланған түсініктен қате танымда қалыптастыра бастайды. Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында осындай пікір білдірді. Депутаттың пайымынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуы қазақ халқының шынайы тарихына маңыз беру үшін тамаша мүмкіндік болып отыр.

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат Мемлекет басшысы таяуда «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осы айтулы датаны еске салғанын атап өтті. Президент осыған орай біздің мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай ауқымды зерттеулер жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Парламентші осыған дейін Түркі академиясы Жошы ұлысы туралы зерттеулер жүргізіп, экспедициялар ұйымдастырғанын, тіпті ЮНЕСКО-да іс-шара өткізгеніне назар аударды. Сенатор биылғы жылы аяқталатын Қазақстан тарихы бойынша көп томдық ұлы Жошы хан туралы да тың деректер береді деген үмітін білдірді.

«Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да соны деректер ен­гізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», — деді сенатор.

Парламентші еліміздің жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысына бірқатар ұсыныс жасады.

«Жошы ұлысына арналған іргелі зерттеулер жүргізу, арнайы музей жасақтау, Едіге байқауын өткізу, Ұлытаудағы ес­керткіш кешендерді ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енгізу де өзекті. Елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан оларға ақпараттық қолдау көрсету, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну да маңызды», — деді сенатор.

 

Tags: Өз халқының тарихын білмеуСенатор Дархан Қыдырәлітарихты жаңылыс білу
Jasyn

Jasyn

Next Post
Кәсіпкерлерден жылу үшін заңсыз төлем алып отырған

Кәсіпкерлерден жылу үшін заңсыз төлем алып отырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бағаның ең көп өсімі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді

Бағаның ең көп өсімі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді

4 года ago
Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In