• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Жобалар мен мәселелер ортаға салынды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізіліп, аудандық экономика және қаржы бөлімі 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралды. Онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, денсаулық сақтау және басқа да салалар бойынша индикаторлық жоспарлардың орындалу деңгейі сараланып, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс міндеттер айқындалды.

by Jasyn
09/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Жобалар мен мәселелер ортаға салынды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екінші мәселе бойынша «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы есеп берді. Ол ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту, су жүйелерін жаңғырту, апатты жағдайлардың алдын алу және абоненттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алынатын жобалар мен шешуді қажет ететін мәселелер де ортаға салынды.

Жиын соңында аудан Бақыт Қырғызалиев баяндамашылардың ұсыныстарын тыңдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту, көрсеткіштердің орындалуын уақытылы қамтамасыз ету және жауапты бөлімдердің бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті.

Аппараттық мәжіліс нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болатындығы жеткізілді.

Тағы бір айтары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев Ақбастау ауылдық округінде орналасқан «Шоқ-Талап» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Омарбеков балық шаруашылығын дамыту бағытында еңбек етіп келеді. Бүгінде жалпы көлемі 2 гектар аумақта екі тоған қазылып, 2024 жылдың мамыр айында әрбір тоғанға 10 000-нан, барлығы 20 000 шабақ жіберілген.

Бұл бастама ауыл шаруашылығының жаңа бағытын дамытуға үлес қосып, аудандағы кәсіпкерліктің өркендеуіне мүмкіндік беруде.

Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушысы шаруа қожалығының еңбегіне табыс тілеп, алдағы уақытта балық шаруашылығын дамытуға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Фото: Бәйдібек Ауданы әкімдігі

 

Tags: ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуәлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріТүркістан облысы Бәйдібек ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қажетті қаржыны ауылдық округ әкімдігі қарастырды

Қажетті қаржыны ауылдық округ әкімдігі қарастырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

4 года ago
Жамбыл облысының тұрғыны мая шөптің арасында 23 келіге жуық есірткі сақтаған

Жамбыл облысының тұрғыны мая шөптің арасында 23 келіге жуық есірткі сақтаған

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In